Зейнетақыны аударудың кестесі

Зейнетақы қорындағы қаржы қайда кетеді?
Зейнетақы қорындағы қаржы қайда кетеді?

Қазақстанның Ұлттық банкі есепшоттағы қаржыны Бірыңғай зейнетақы қорына аударудың кестесін түзіп отыр. Соған сәйкес…

– қазанның 11-інен 2014 жылдың 11 қаңтарына дейін «Республика зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-дағы,

– қазанның 29-ынан 2014 жылдың 29 қаңтарына дейін «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның,

– қарашаның 18-інен 2014 жылдың 18-ақпанына дейін «Капитал ЖЗҚ» АҚ-ның,

– желтоқсанның 9-ынан 2014 жылдың 9-наурызына дейін «Атамекен ЖЗК» АҚ-ның,

– 2014 жылдың қаңтардың 3-нен сәуірдің 3-іне дейін «Астана» ЖЗҚ»-ның,

– 2014 жылдың 23-қаңтарынан сәуірдің 23-іне дейін «НефтеГаз-Дем» ЖЗҚ-ның,

– 2014 жылдың 10 ақпанынан мамырдың 10-ына дейін «Грантум» ЖЗҚ-ның,

– 2014 жылдың 10 ақпанынан 10 мамырға дейін «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ-ның,

– 2014 жылдың 26 наурызынан маусымның 26-сына дейін «Қазақстанның Халық банкі» ЖЗҚ-ның қаржысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» аударыла бастайды.