40, 60, 100 пәтерлі 5 қабатты және 4 жайлылық класына жататын бір пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары қолданылатын болады
40, 60, 100 пәтерлі 5 қабатты және 4 жайлылық класына жататын бір пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары қолданылатын болады
40, 60, 100 пәтерлі 5 қабатты және 4 жайлылық класына жататын бір пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары қолданылатын болады

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында ОҚО -да жас отбасылардың тұрғын үйге мұқтаждығын шешу және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын 3 – 4 жайлылық класына жататын тұрғын үйлерді жобалау және құрылысын жүргізу қаралып отыр. Жас отбасыларға арналған жалға берілетін 4-ші жайлылық класқа жататын тұрғын үйлердің 1 ш.м. құны үшін 80 мың теңгеден (инженерлік желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) 3-ші жайлылық класындағы тұрғын үйлер – 90 мың теңгеден (инженерлік желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) аспайтын болады.

Бұл жағдайда аймақтар бойынша пәтердің жалпы алаңының 1 ш.м-нің түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларына берілген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталатын болады. 1 ш.м. үшін белгіленген бағадан жоғары болған жағдайда жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қаралған. Бюджеттік заңнамаға сәйкес тұрғын үйдің 1 ш.м. құнын жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сәйкес индекстеп отыру қаралған. Жыл сайын облысымызда орта есеппен жас отбасылар үшін 14,5 мың ш.м. тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған бағыт бойынша тұрғын үй құрылысымен Сайрам, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары, сондай-ақ, Шымкент, Түркістан қалалары қамтылатын болады. Айта кетеік, 2020 жылға дейін бағдарлама аясында 130,9 мың ш.м. тұрғын үй салу қаралған. Сала мамандары орта есеппен жыл сайын 223 пәтер салынатын болады деп сендіреді. Нәтижесінде, 2,4 мыңнан аса жас отбасы пәтер сатып алуға мүмкіндік алады. Көрсетілген қаржыландыру сомалары аудандар мен қалалардың сұранысы мен кезектілігіне қарай түзетілетін болады. Қажеттілігіне қарай Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен жергілікті жерге байлам жасау жолымен әзірленген 40, 60, 100 пәтерлі 5 қабатты және 4 жайлылық класына жататын бір пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары қолданылатын болады.

Мақпал РЫСБАЕВА