Жылу маусымына дайындық аяқталуға жақын

266
Шымкентте жылу жүйесі әлі жөнделуде

Шымкентте жылу маусымына дайындық қызып жатыр. Осы орайда әр тұста жер қазылып, құбырлардың алмастырылып жатқанына жерлестеріміз куә. Бұл жұмыстар кейде қолайсыздық тудырып жататыны да жасырын емес. Мәселен, қаланың солтүстік бөлігіндегі жылу жүйесіндегі тозығы жеткен құбырларды алмастыру ісін айтуға болады. Шаяхметов көшесінің бұл бөлігінде қазылған орға түспей, бір жолақ жолмен аман-есен өткендер шүкіршілік етеді. Жылу маусымы тақалып қалғанда сыр берген жерлерді жөндеу Шымкентте әдетке айналған.

Из-за разрытых дорог  тепловиками школьники испытывают трудности
Жылу жүйесін жөндеу мақсатында қазылған жолмен жүру қиын

 Бейсенбек Жанбосынов, қала әкімінің орынбасары: «Рысқұлов және Ерімбетов көшелерінің қиылысындағы және сол төңіректегі жер қазу жұмыстарына адамдар наразылык білдіруде. Дегенмен, сәл шыдаса, ол түйіндерді қазанның 10-на дейін жөндеп, істі аяқтаймыз. Сондағы құбыр бұған дейін үнемі тесілетін, сондықтан ескірген құбырды жаңаладық. Дәнекерлеу жұмысы бітісімен мердігерлер шұңқырдың орнын тегістеп қояды.»

Қыс жақындағанда қайнаған құрылыс жұмыстарына қарттар жағы сабырлықпен қарайды. Ауа райының қарасып тұрғанына тәубе ектен тұрғындар жұмыс сапалы болса, қалғанына төзіп бағуға дайын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Ar3eTa0xtCY[/youtube]

Валентина Байгазинова, қала тұрғыны: «Барлық жер қазылып тасталған, адамдарға жылу береміз деп коммуналшылар атсалысуда. Қажет болса, шыдаймыз. Әйтеуір, жылу беру маусымы еш қиындықсыз өтсе болғаны.»

Алдағы жылу беру маусымын еш күрделіксіз өткізу мақсатында қаладағы 4 мекеме тозығы жеткен магистарльді құбырларды алмастырып жатыр. Барлық жұмыс қала әкімдігінің қадағалуында.

Қаладағы жылу жүйесін жөндеу жұмыстары қазан айының 15-не дейін аяқталуы тиіс. Олардың қаншалықты сапалы жүргізілгені жылу беру маусымы барысында белгілі болады.

 

Шымкентте  жылу жүйесі әлі  жөнделуде
Шымкентте жылу жүйесі әлі жөнделуде