Жылыжай

 Енді біздің өңірде кең ауқымда қызанақ пен қияр бапталып, өсіріледі. Ел аумағындағы ең үлкен «Адель» жылыжайы Ордабасы ауданында 11 гектар жерді алып жатыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай жылыжайдың көмегімен шетелдіктермен бәсекелесуге болады.

"Адель" жылыжай жасағы
«Адель» жылыжайы

 Қорғанбек Әлжігітов, жоба жетекшісі: «Біз қызанақтаың бәрін Голландиядан келісім-шартпен алып жатырмыз. Сол мекемеден ұрықтарын алып, алқапты баптаймыз. Жылына қызанақтың 6 мың тонна өнім аламыз деп жобалап отырмыз.»

Жылыжайдың аумағы 10 гектар жерді қамтиды
Жылыжайдың аумағы 10 гектар жерді қамтиды

 Егіншілер алқаптан алғашқы өнімді осы жылдың желтоқсан айында жинаймыз деп отыр. Ал заманауи технологиямен құрылған жылыжайдың ерекшелігі сол – тұйықталған су жүйесі жүреді екен. Француздық технологиямен жасалған осы жиынтықтың бағасы 2,5 миллиард теңгені құрайды.

Жылыжай
Жылыжайдың іші

 Қанатбек Оспанбеков, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Қазір облыс аумағында жылыжайдың көлемі 710 гектарды құрайды, жылдың соңына дейін тағы да 20 гектар қосылады. Бұл – республикалық көрсеткіштің 85 пайызы деген сөз. Ал облыстағы халыққа айтарымыз – көкөніс өзімізде де өсіріліп жатыр, ол өнімді өзіміздің халық тұтынуы керек.»

Егіншілер желтоқсанда өнімді жинауға кіріспек

[youtube]http://youtu.be/-320dArWD5M[/youtube]