Келер жылы Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығының 4 инженерлік-байланыс инфроқұрылымдарының құрылысына облыстық қаржы есебінен 5 миллирд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда. Оның 3 милларды өтпелі 3 нысанға және 2 милларды жаңа тұрғын аймағына жол салуға жұмсалмақ.
Іскерлік-әкімшілік орталығын абаттандыру жоспарында су бұрқақтары, демалу орындарын көріктендіру қарастырылған. Жобаны таныстырған шенеуніктер кезінде құрылыспен айналысқан депутаттардан аталған жобаларды қолдауға шақырды. Мәжілісте іскерлік орталығы маңындағы тұрғын үйлер салуға қаралған қаржы мәселесі де сөз болды.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұрсәт» шағынауданында салынып жатқан 15 нысанның құрылысынан 1 миллард теңге қысқартылғанда депутаттар дау көтерген еді. Алайда атқамінерлер одан тиісті қорытынды жасамағаны ма, белгісіз — халық қалаулыларына бюджеттің игерілуіне қатысты сын-ескертпелерін тағы да қайталауына тура келді.
Сұлтанбек Сүгірбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы: «Мұндай мәселе қашан тыйылады? Қысқарту, игерілмей қалу. Мысалы, Мақтааралдағы мектепте болдым — ұйымдастырылмаған жұмыстың кесірінен ақша кері қайтарылған. Бұл не сұмдық? Аудан әкімінің орынбасары шешеді екен. Бұл жөнінде аудан әкімі мен облыс әкімі біледі ме? Бұрын қаржыны қысқарту немесе қайтару мәселесін облыстық атқару комитетінің басшысы шешетін еді. Енді бұл мәселе енді аудан әкімдігіндегі орынбасар немесе бөлім бастығы мен құрылыс басқармасының арасында шешілуде!»
Әр нәрсенің сұрауы болуы керек деген депутаттар басқарма мен әкімдік тарапынан аудандардағы қысқарған немесе игерілмей қалған қаржырға қатысты тексерулер жүргізіліп, кінәлілерді жауапқа тарту ісі ақсап тұрғанын атап өтті. Қазына қаржысын тиімді пайдалану бойынша қадағалау күшейтілмей, аталған сорақылық жалғаса береді деп алаңдаушылық білдірді халық қалаулылары.