Қазақстандықтар алдағы ұлттық және мемлекеттік мерекелерге орай желтоқсан айында қатарынан үш күн демалатын болады.
«ҚР мерекелері жайындағы» заңға орай 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі, ал 16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні ұлттық мейрамы болып табылады. Сондықтан бұл елімізде мерекелік күндер болып есептеледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін өткен жылы алғаш рет мемлекеттік мереке ретін атап өтті. Биыл бұл мереке екінші мәрте мемлекеттік деңгейде аталып өтілсе, ал еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 22 жыл толып отыр. Сондықтан екі мерекенің де мемлекетіміз үшін маңызы орасан.