Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Қазығұрт ауданында іс-сапармен болып, бірнеше нысанның ашылу салтанатына қатысты.
Қазығұрт ауданы Шарапхана ауыл әкімдігіне қарасты Жіңішке елдімекенінде газ құбыры тартылды. Жүргізілген газ құбырларының ұзындығы 16,240 шақырымды құрайды. Нысан құрылысына облыстық бюджеттен 97,5 миллион теңге қаралған. Жалпы абоненттер саны 280 шаңырақ, 1680 тұрғынға мердігер мекеме – «Жигита» ЖШС-гі жеңімпаз болып табылған. Олар құрылысты үстіміздегі жылдың 10-мамыр күні бастаған. Биыл аудан тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге 32 өтпелі және жаңа нысандар құрылысына республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден 2 171,5 миллион теңге қаржы қаралған. 2014 жылы аудан тұрғындарының 78 пайызы табиғи газбен қамтылады.
Ал Жаңабазар ауыл округі, Қарабастау елді мекенідегі «Береке» шаруа қожалығында 600 басқа арналған етті бағыттағы Герефорд және Ангус асыл тұқымды мал шаруашылығы жобасы іске асуда. Бекжігіт Төлендиев басқарған шаруа қожалығы асыл тұқымды бұқа, эмбрион, ет өнімдерін шығаруға бағытталған. Жоба құны 295,4 миллион теңгені құрап, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде өз қаржысы 148,5 миллион теңгені құрайды. 2014-2015 жылдар аралығында шаруашылықтағы мал басы 600-ге жеткен жағдайда мұнда 50 ауыл азаматы жұмыспен қамтылатын болады. Биылғы жылдың қазан айында шаруашылық басшылығы «Қазагроқаржы» АҚ-нан бөлінген 172,9 миллион теңге көлеміндегі лизингкке Австралия мемлекетінен 191 бас Ангус ірі қара малы алып келінді. Шаруа қожалықтың негізгі бағытына сондай-ақ етті мал шаруашылығы саласын дамыту, сонымен қатар олардың генетикалық әлеуетін, өнімділік сапасын жақсарту жатады. Бүгінгі таңда Герефорд және Ангус тұқымдас барлық бұқалар арнайы сертификатқа ие және оларды халықаралық есепке алу қорына енгізілген.
Сондай-ақ, Жаңабазар елдімекенінде 10 адамдық «Ардагерлер үйі» қоғамдық негізінде салынған. Бұл ғимараттың құрылысы іскер азаматтардың демеушілігімен жүргізілді. Аудан әкімдігі тарапынан жер бөлініп, нысанның жобалық сметалық жұмыстары жүргізілді.