Ақсукенттіктер қоқыс пен жабайы иттердің арасында ғұмыр кешуде

590
қоқысхана қонағы

Ауламыз қоқысханаға айналып барады. Ақсукент ауыл округіне қарасты Сұраншы батыр көшесіндегі көпқабатты үй қоқыстың ортасында қалды. Салдарынан, көпшіліктің тұрағы жабайы иттердің мекеніне айналып барады. Тиісті төлемін уақтылы алып тұрғанымен, жұмысын лайықты атқармаған коммуналдық қызметке жұрт ашулы.

қоқысхана қонағы
қоқысхана қонағы

Ұлбосын Ташқұлова, Ақсукент ауыл округінің тұрғыны: «Мына иттеген жеп қойды. Е, түнде ұйқы жоқ. Е, күндіз тыныштық жоқ. Үйдің бәрін айналып жүреді. Сол ит ертеңгі күні біреудің баласын тістеп алса кім жауап береді?»

Ұлбосын Ташқұлова өзінің көршілері сияқты ауыл округі әкіміне қапалы. Жылдар бойы жиналмайтын қоқыстың салдарынан аулаларын жабайы ит қаптаған. Қанша арызданып барса да, ертең жіберемін деген ит ататындарды құдасындай күтеді.

Рахиля Рүстемова, Ақсукент ауыл округінің тұрғыны: «Мына иттерден шығып, қоқыс төге алмаймыз. Қоқыс  деген үйдің ішіне кіріп жатыр. Оны неге алып кетпейді? Неге жиналмаған қоқысқа ақша төлеуіміз керек? Енді жинамайтын болса, бізде төлемейміз!»

Қоқыс контейнерлері аузы-мұрнына толып жатыр. Ол аздай ашық алаң-қоқысханаға айналған. Аптасына бір рет жинап кетеді деген тұрғындар, соңғы уақытта оның да ұмыт болғанын айтады. Ал қоқыс тасымалдаушы  «Қара-су-ВР» жекеменшік мекемесі оны жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, 2400 абоненті бар шағынауданның тек 50-пайызы ғана келісім-шартқа тұрған екен.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ozTI3Nf_eSo[/youtube]

Розмет Нажмидинов, «Қара-су -ВР» ЖШС-ның директоры: «Біз уақытылы алып жатырмыз. «Ақсукент1″-ді ретке келтірдік қой. Ол жақ енді-ретке келеді деп ойлаймыз. Адамдар өоөысты контейнерге тастауға ерінеді».

Мекеме басшысы қоқысты аптасына екі рет алып кетуге уәде берді. Бірақ, абоненттік төлемнің де қымбаттайтындығын айтты. Бұған дейін тасымалданбаған қоқыс үшін көпқабатты үйдің әрбір тұрғыны-75 теңге төлеп келген. Егер ауыл округ әкімі бекітіп берсе, қызмет құны-10 теңгеге қымбаттайды. Ал иттерді жою мәселесіне келсек, Сайрам ауданы бойынша бес жарым мың ит-мысықтың көзі жойылған. Ол үшін 6миллионға жуық теңге бөлінген. Иті қаптаған Ақсукент ауыл округінде-386 ит атылыпты.

Жақсылық Шыршықбаев, «Мал дәрігері» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорнының директоры: «Бізге Сұраншы батыр 54-үйден арыз келіп түсті кеше. Біз енді алдағы күндері ол арызды қанағаттандыратын боламыз. Ертең ит ататын кісілерді жібереміз, таңертеңгі уақытта. Оны қолға аламыз».

Егер ауыл округі әкімі сөзінде тұрып, осы берілген уәделерді қадағалайтын болса, ауыл ішіндегі қалашықтың көркі ашылатыны анық.