Аштық жариялаған жерлестеріміздің қадамына билік араласты

Шымкентте аштық жариялаған борышкерлердің ісіне әкімдік араласты. Борышкерлердің мәселесіне қатысты әкімдікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар заем берушілер мен заемшылар арасындағы туындаған мәселелерді шешуге қолдау көрсетпек. Аталған жағдайға байланысты жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті қорытынды жасалмақ екен. 

Аштық жариялаған жерлестеріміздің қадамына билік араласты
Аштық жариялаған жерлестеріміздің қадамына билік араласты

Және жұмыс тобы әр борышкердің мәселесімен жеке-жеке айналыспақ. Топтың құрамында қала әкімдігінің мамандары мен барлық екінші деңгейлі банктің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері және қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктің белсенділері бар.

Белшеден қарызға батқандар Елбасдан көмек күтуде
Белшеден қарызға батқандар Елбасыдан көмек күтуде

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын банкке белшеден қарызға батқан шымкенттік бір топ шаһар тұрғыны жекеменшік қаржы құрылымдарынан несие алып, берешегін өтей алмай, аштық жариялаған болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=prNR7FeJcCw[/youtube]