Желтоқсан айынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ қалыптастырған «Астана-Сарыағаш» бағытындағы №86/85 жедел жолаушылар пойызы күнара емес, күн сайын қатынайтын болады.
Сондай-ақ, техникалық себептерге байланысты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан қалыптастырылған төмендегі жүрдек пойыздар бір рейске жүрмейді. Олар: Астанадан 8- желтоқсанда, Атыраудан 9- желтоқсанда аттанатын «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 жүрдек пойызы, Астана мен Семейден 11 желтоқсанда шығатын «Астана-Семей» бағытындағы №64/63 жүрдек пойызы.