Ауылдарға көгілдір отын берілді

337
Алтынбастау мен Сұлтан-Рабатқа газ келді

Ауыл тұрғындары көмірмен қош айтысты. Енді олар үйлерін табиғи газбен жылытатын болады. Бүгін Төлеби ауданына қарасты Алтынбастау және Сұлтан Рабат ауыл тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fqgEvKLnfiU[/youtube]

Алтынбастауда 30 жылдан бері тұратын Оңалкүл Тоғызова ауылға табиғи газ келеді дегенге алғашында сенбеген. Енді міне, елдімекендегі 55 отбасы көгілдір отынға қол қамтылып отыр.

Оңалкүл Тоғызова, Алтынбастау ауылының тұрғыны: «Жылына  10 тоннаға дейін көмір жағамыз.  10 тоннаны есептей бер, 12 мыңнан 120 мың болады. Газ оның қасында арзандау түседі деп ойлаймын».

 

Алтынбастау мен Сұлтан-Рабатқа газ келді
Алтынбастау мен Сұлтан-Рабатқа газ келді

Газ құбырын тарту үшін облыстық бюджеттен 60 миллионға жуық теңге бөлінген. Құрылысты «Береке-5» мердігер компаниясы жүргізіп, ауылдың 18 азаматын жұмыспен қамтыпты. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісе келген аудан басшысы, салтанатты түрде көгілдір отынды қосып берді.

Нышанбай Әбілтаев, Алтынбастау ауылының тұрғыны: «Газ келді бүгін, бұдан-былай газ жағамыз енді. Бұрын тезек жағушы едік. Рахмет Өкіметке. Енді міне, ауылдың болашағына  сенуге болады. Балдарымыз өаладан келгісі келмейтін, бүгін сүйінші сұрайтын болды».

 

Енді ауылдағы әр үйдің алдынан дәл осындай ШРП кездестіре аласыз
Енді ауылдағы әр үйдің алдынан дәл осындай ШРП кездестіре аласыз

Ал мынау, Сұлтан Рабат ауылының тұрғындары. Көгілдір отынға бұл ауылдың да қолы жетті. Көптен бергі армандары орындалып, ел жинап, ас беруде. Көрші ауылдарды көріп, қызығып жүретін келіндері, қыста күл шығарып әуре болмайды деп ағынан жарылды мұндағы ағайын.

Бағлан Байымбетов, «Зият» ЖШС-ның директоры: «Елуге жақын адам тартылды бұл жұмысқа. Толығымен 200 миллион бөлінген. 2012 жылы жартысын, 2013 жылы жартысын игердік. Өзіміз жұмысымызды толығымен атқардық. Бізде қуанып тұрмыз».

Табиғи газ тартылған Сұлтан-Рабаттағы 925 үйді қосқанда Төлеби ауданы халқының 52 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Оның жартысына жуығы ауылды елдімекен. Бүл ауданды газбен толықтай қамту 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда.