бұғылардың бұзауы

Түркістан табиғи паркі соңғы бірнеше жылда бұғының саны он бірге көбейді. Бұхар бұғылары ұлттық қорық аумағына 2001 жылы әлемдік табиғатты қорғау ұйымының бастамасымен әкелінген болатын. Олардың тез бейімделіп кетуі үшін жергілікті орманшылар барын салып, баптады да. Содан болар, орманшылар қызыл кітапқа енген жануардың көбеюін төгілген тердің ақталғаны деп есептейді.

Оңтүстіктегі жалғыз бұғышы
Оңтүстіктегі жалғыз бұғышы

Мұсахан Жүзеев облысымыздағы алғашқы әрі жалғыз бұғышы. Парктің есігін ашқан сайын ондағы жануарлардың көз алдына көбейіп жатқанына қуанады.

Мұсахан Жузеев , бұғышы: «2001 жылы паркімізге бұғыларды әкеле бастады. Оларды тамақтандырудан бастап, жерсіндіру мәселесі қатты толғандырды. Бүгінгі таңда паркімізде 65 бұғы бар. Олар үшін парк ішінен арнайы 20 соттық жер қоршалған».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Qxtuv43BA7s[/youtube]

Бұғылардың ордасына кірмес бұрын, олардың сезімталдығы ескертілді. Өзгені көре салысымен, бірден жақындай кетпейтін қасиеті де бар көрінеді. Айтпақшы, бұғыларды күніне екі рет тамақтандырады екен. Оларды бақылау бекеті 12 метрлік биікте орналасқан. Биыл бұғылар он бір бұзау төлдеген. Бірақ, олардың жынысын анықтау әзірге мүмкін болмай отырған көрінеді.Мекеме директорының айтуынша, олардың жынысын бақылау үшін бейнетіркегіш қойлады екен.

бұғылардың бұзауы
бұғылардың бұзауы

Айта өтейік, кезінде бұғылар Сырдарияның бойында емін-еркін жайылатын. Сондықтан, оларға оқ атқандар көп болды. Елуінші жылдары оңтүстік Қазақстанды мекендейтін бұғының соңғы бұтағы атылған екен. Сол кездегі олқылықтардың орны бүгінгі таңда толықтырылуда. Қуантарлығы, бұғылардың саны жыл сайын артып келеді.