Бүгінде жиһаздардың сан түрін ұсынатын өндіріс орындары жоқ емес. Бірақ «Бәйтеректегідей» кең талғамды әрі сапалысын кездестіру қиындау. Сондықтана жерлестеріміз жанға жайлы жатын бөлме жиһаздары мен кереуеттер сатып алу үшін осында жиі келеді. Дина Үзбанханова 4-рет жиһаз алу үшін «Бәйтерекке» арнайы келіпті, бұл жолы асхана жиһазын сатып алуды жөн көріпті.
Дина Үзбанханова, сатып алушы: «Бәйтеректің» талғамы өте жоғары, түрлі жеңілдіктер де бар. Және кеңес берулері мен қызмет көрсетулері де маған қатты ұнайды».
Шаңырағыңыздағы бүкіл жиһазды ауыстыру үшін, миллионер болудың еш қажеті жоқ. Қалтаңыз жұқармауы үшін де «Бәйтерек» бар жағдайды қарастырған. Яғни үйіңіздің сәні болар мүліктерді сатып алу үшін банктердің ұсынған түрлі жеңілдіктерін де қолдануыңызға болады. Несие алуға 15 минут қана уақытыңызды жұмсайсыз.
Эльвира Наурызбаева, несие беру бөлімінің менеджері: «Бәйтерек» сауда үйінде кез келген жиһаз несиеге беріледі. «Альфа» банкі, «Каспий» және «Hom банктері» арқылы жеңілдікпен аз уақыттың ішінде несие ала аласыз. Тұтынушының жасы 20-дан 75-ке дейін болуы керек».
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4aDnQ6P3z4E[/youtube]
Осы жеңілдіктерді пайдаланғысы келетіндердің қатары қалыңдап жатқанымен, «Бәйтерек» салонындағы сатылымға шығарылған жиһаздар таусылмайды. Мұнда Ресейдің және көршілес елдердің ең сапалы әрі сәнді жиһаздырының соңғы үлгілері уақтылы жеткізіледі. Айта кетейік, «Бәтерек» жиһаздар салоны Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан.