Балдыберек ауылында фельдшерлік бекет ашылды

768
Фельдшерлік-акушерлік пунктің жаңа ғимараты

Балдыберек ауылында 800-ге жуық тұрғын бар. Оның тең жартысы — әйел баласы. Бұған дейін дәрігерге көрініп, акушердің қадағалауында болуы үшін аудан орталығына сабылатын. Енді алыстағы ағайын мұндай азаптан арылды. Өздерінің, талапқа сай фельдшердік-акушерлік бекеті бар.

Фельдшерлік-акушерлік пунктің жаңа ғимараты
Фельдшерлік-акушерлік пунктің жаңа ғимараты

 Айымкүл Мыңбаева, ФАП меңгерушісі: «Бұрын екі бөлмелі ескі ғимаратта болғанбыз. Өте тар болатын. Енді жаңа ғимаратқа көштік. Осындай жағдай жасап отырған Елбасына, облыс, аудан басшыларына рахмет. Адал қызмет көрсетеміз деп уәде береміз.»

Фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратына облыстық бюджеттен 102 миллион теңге бөлінген. Бекет енді 136 отбасының алғашқы жәрдемшісіне айналмақ. Мұнда үш адам қызмет етіп, тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Айта өтейік, осы уақытқа дейін Төлеби ауданында 3 фельдшерлік пункт ашылған.

 Сапар Әбуов, Төлеби аудандық емханасының бас дәрігері: «Соңғы екі жылда өңірімізде ана өлімі болған жоқ. Бала өлімі де төмендеп келеді. Осындай жаңа ғимараттар дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерінің білімін жоғары деңгейге көтеріп, әр уақытта жауапкершілігін сезініп отырса, жұмыстары алға басады.»

ғимараттың іші заманауи жабдықтармен қамтылған
Ғимарат заманауи жабдықтармен қамтылған

Биылдың өзінде ауданның денсаулық сақтау саласына жалпы сомасы 1 миллиард 33 миллион теңге бөлінген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,7 пайызға артық. Ал материалдық-техникалық базаны нығайтуға 35 миллион теңге жұмсалған.