Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы туризмді дамытады деп күтілуде

Бүгінде жұмыс комиссиясы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің 54 шақырым жолын пайдалануға беру жұмыстарын бастады. Халықаралық көлік дәлізінің жобасы аясында облыста 448 шақырым автожолын қайта құру бойынша жұмыстар қарастырылған.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы туризмді дамытады деп күтілуде
Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы туризмді дамытады деп күтілуде

Қазіргі кезде жалпы жол торабының ұзындығы 224 шақырым жолға созылған тоғыз учаскеде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоларнаның 54 шақырым жолындағы қайта құру жұмыстары толығымен аяқталып, жұмыс комиссиясы учаскені пайдалануға беру жұмыстарын қабылдай бастады.

Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиевтің сөзіне қарағанда жалпы ұзындығы 170 шақырым жолға созылған, қалған учаскелер пайдалануға келесі жылы тапсырылады деп күтілуде. Ал осы жылдың соңына дейін облыста 48 көпір мен 39 мал айдау учаскелері салынбақ.

Айта кетейік, барлығы облыс бойынша жол-құрылыс техникасының 1174 бірлігі жұмылдырып, 4 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. Қайта құрудан кейін жоларна бірінші техникалық санат бойынша төрт жолақты бетон жолының параметрлеріне дейін жеткізіледі. 99 шақырым жол ұзындығына созылған «Ташкент-Шымкент» учаскесі бойынша қазіргі кезде конкурстық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Келер жылдың алғашқы айларында осы учаске бойынша құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр.

Атап өтейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің ел аумағындағы жалпы ұзындығы – 2787 шақырым, оның 2452 шақырым жолы қайта құрылуы  тиіс. 2011 жылы пайдалануға 215 шақырым жол берілсе, 2012 жылы 700 шақырымда қозғалыс бағыты ашылады. Жалпы алғанда, жоспарға сәйкес жыл аяғына дейін 806 шақырымда жол жүрісі ашылады деп күтілуде.