Базар сатушылары
Салықшы азаматтардың сұрақтарына жауап берді
Салықшы азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Бүгінде базарларда жұмыс жасайтын азаматтардан   салық төлеу бойынша сұрақтар  көптеп келіп түсуде. Бұл сұрақтарға Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының басшысы Асылбек Арапбаев жауап береді.

Бірінші сұрақ: » Базарда сауда жасайтын жеке тұлғалар қандай салық түрлерін, қай мөлшерде төлеуі  қажет?»

Асылбек Арапбаев ,Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының басшысы: «Егер Сіз базарда сауда жасауға бел бусаңыз, қандай  салық түрлерін төлеуіңіз керегі туралы ойналанатыңыз сөзсіз. Ол үшін қандай салық режимдері бар, олардың қандай түрі сізге тиімді және қайсысын таңдаған жөн екендігін білгеніңіз дұрыс.

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің  61- тарауымен шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдері қарастырылған:

1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі,

2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

Екінші сұрақ: «Патент негізіндегі арнаулы салық режимі қалай төленеді, қандай ставкамен төленеді және қандай құжаттар  керек?»

Асылбек  Арапбаев : «Патент негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сай келетін:

1/қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, яғни сіздің жалдамалы жұмысшыңыз болмауы қажет;

2/жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;

3/салық кезеңіндегі табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселеген мөлшерінен аспайтын дара  кәсіпкерлер қолданады.  Мысалы, 2013 жылға бекітілген ең төменгі жалақы мөлшері 18 660 теңге, 200 еселеген мөлшері 3732000 теңге, яғни 2013 жылға жалпы табысыңыз 3732000 теңгеден аспауы тиіс.

Керек құжаттар:

Өңірңіздің орналасқан жеріңіз бойынша , яғни база қай жерде орналасса, сол ауданның салық басқармасына  барасыз. Сонда арнайы бекітілген формада тіркеу есебі туралы салықтық өтініші жазылады. Тіркеуге тұрғаныңыз үшін 2 айлық есептік көрсеткіш/ АЕК/ мөлшерінде алым төленеді, яғни АЕК 1731 теңге болса, алым 3462 теңгені құрайды. Осы алымның бюджетке төленгендігі туралы құжат ұсынылады.

Жеке куәлігіңіз бен оның көшірмесі;

Базар әкімшілігімен тұрған келісім-шарттың көшірмесі;

Фотосурет 3х4;

Арнайы бекітілген формада патент құнының  есеп-қисабын ұсынады.

Үшінші сұрақ: «Патент құны қалай есептелінеді?»

Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының басшысы Асылбек Арапбаев : "базарда жұмыс істейтін жеке тұлғаларға салық төлемдері  туралы  түсіндіру жұмыстары  жүргізілді
Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының басшысы Асылбек Арапбаев : «базарда жұмыс істейтін жеке тұлғаларға салық төлемдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Асылбек АРАПБАЕВ, Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының басшысы: » Патент құны төмендегідей есептелінеді:

Патент құнына жеке табыс салығының / төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа/, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлермені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:

1/ есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде -жеке табыс салығы.

2/әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есмептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады

Патент құнына қосылатын  міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік  аударымдарды есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен  қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

Мысалы,  Сіз бір айда  300000 теңгеге сауда жасайсыз.

300 000*2%= 6000 оның ішінде

1. 3000 теңге жеке табыс салығының кодына төленеді.

2. 2067 теңге әлеуметтік  салық /3000-933/ Әлеуметтік сақтандыру қорына  төленетін төлем әлеуметтік салықтан алынып  тасталынады.

3/933 теңге әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін  төлем. Әлеуметтік салықтандыру қорына ең төменгі жалақы сомасынан 5%  мөлшерінде төленеді, яғни 188660*5% -933 теңге.

4/ 1860 теңге міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын аударым. Яғни, өзіңіз таңдаған жинақтаушы зейнетақы қорына   барып келісім шартқа тұрасыз. Ай сайын аудартын төлемнің мөлшері ең төменгі жалақының 10 % /18660*10 % /.

Сонымен сіздің патент режимін қолданған жағдайда  1 айда  төлейтініңіз 7860 теңге /3000+2067+933+1860/, оның ішінде 1860 теңге өзіңіздің жеке жинақтаушы зейнетақы  қорыңызға тсүеді.

 

Төртінші сұрақ: «Жоғарыда аталған салықтардан қандай жеңілдіктер қарастырылған ?»

Жауап : «Жеке табыс салығы бойынша:

1. Ұлы Отан  соғысына  қатысушылардың және оларға теңестірілген адамдардың ;

2.Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың ;

3. 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген /қызмет өткерген/ және ҰОС жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен  және медальдарымен  марапатталмаған адамдардың ;

4. І,ІІ,ІІІ топтардағы мүгедектердің;

5. «мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегіз жасқа толғанға дейін – мұндай адамның ата-анасының бірінің ;

6.»бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның  өмір бойына-оның ата-анасының бірінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста  болатын ең төменгі жалақының 55 еселенген мөлшері шегінде бір жылдағы табыстары ;

Осы жоғарыда аталған жеңілдіктеріңіз болған жағдайда бір жылдың ішінде 1 026300 теңге мөлшеріндегі табысыңыздан жеке табыс салығын т ө л е м е й с і з.

Бесінші сұрақ : «Жинақтаушы зейнетақы қорына  төленетін міндетті төлемнен кімдер босатылады?»

Жауап : «ҚР » Зейнетақымен қамтамасыз ету »  туралы Заңының 22-бабы 3 тармағы бойынша міндетті міндетті зейтақы қорына төлемдерден босатылатындар: 63 жасқа толған ер адамдар, 58 жасқа толған әйелдер. 1949 жылдың тамызынан бастап 1963 жылдың шілдесі аралығында 10 жылдан кем емес уақытта апатты және жоғары радиациялық қаупті деп саналатын аймақтарда өмір сүргендер, ерлер -25 жылдан кем емес 45 жасқа толғандар, 5 немесе одан да көп бала босанған және олардың 18 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, 53 жасқа толғандар, бірінші және екінші топтағы  мүгедектер, егер мүгедектігі мерзімсіз тағайындалса.

Алтыншы сұрақ:  «Патентті  қандай мерзімге алуға болады?»

Жауап : «Патентті бір айға немесе бірнеше айға алуға болады.бірақ бір жылдан аспауы тиіс. Ол үшін патенттің  құнының есебімен бірге салықтардың және де басқа да міндетті төлемдердің төленгені  туралы құжаттарды тапсыруыңыз қажет.

Салық органдары салық төлеуші патент құнының есебін тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патентті қалыптастырып шығарады.