Сайрам аудандық білім бөлімін тексерген прокуратура қызыметкерлері есеп-қисапты дұрыс жүргізбеген. Бұл туралы Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы Дина Айкөзова мәлімдеді.

 Естеріңізге салар болсақ, 9 айдың қорытындысын жасаған облыстық прокуратура қызметкерлері Сайрам аудандық білім бөлімі жанармайдың әр литрін 363 теңгеге бағалап, сатып алды деп айыптаған болатын. Енді мұны білім бөлімінің басшылығы жоққа шығарып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=R2tsv_JufBM[/youtube]

 

Сондай-ақ, жуырда аудандағы Сайрам ауылындағы Хамза орта мектебінің директоры орынбасарынан 150 мың теңге пара алып тұрған жерінен қолға түсті. Білім бөлімінің басшысы бұл оқиғадан хабардар екен. Ауданның бас педагогы бұл жағдайдың жәй-жапсарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтайтынын айтумен шектелді.