Білім басқармасы 9 айды қорытындылады

Альбина Елшиева атқарылған жұмыстарды жариялады
Альбина Елшиева атқарылған жұмыстарды жариялады

Білім басқармасының басшысы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. 9 айды қорытындылаған Альбина Елшиеваның айтуынша, білім саласы жылдан-жылға ілгерілеп келеді. Облыс көлемінде 2010 жылы балабақшамен қамту деңгейі 30,4 % болса, Елбасынның «Балапан» бағдарламасының нәтижесінде бұл көрсеткіш 61 пайыздан асып отыр. Ал өңірдің заман талабына сай мектептермен қамтылуы да жоғары көрсеткіште дайді Елшиева ханым. Биыл 83 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 46 ел игілігіне тапсырылған болса, қалғаны жаңа оқу жылында оқушылар үшін есігін айқара ашады. Дегенмен, әлі де апатты мектептер бар. Бүгінде Үкіметке 48 апаттық жағдайдағы және 26 үш ауысымда оқитын мектептің мәселесін шешу бойынша ұсыныс берілген. Сонымен қатар, мектептердегі бұзақылықтың алдын алу үшін жаппай бейнебақылау желісін орнату көзделген.

Альбина Елшиева атқарылған жұмыстарды жариялады
Альбина Елшиева атқарылған жұмыстарды жариялады

Альбина Елшиева, облыстық білім басқармасының басшысы: «Жүргізілген зерттеу бойынша, бейнебақылау камерасы орнатылған мектептерде ешқандай құқықбұзушылық орын алған жоқ. Басқа мектептерде анықталып отыр. Сондықтан, барлық аудандарға жергілікті бюджет есебінен орнатуға тапсырма берілді. Енді жуық арада барлық білім ұяларында бейнебақылау болады деген сенімдемін.»

Сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған ұстаздардың 30 пайызы оқу орнын сырттай бітірген мұғалімдер екен. Бірақ, еңбек өтілдері бар олар түрлі білім арттыру курстарынан өткен. Жүйелі жұмыстың нәтижесі болар, облыстың оқушылары республикалық олимпиададан жүйелі 3 орынды иемденіп қайтты дейді облыстың бас ұстазы.