Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия Шымкентте мемлкеттік қызметкерлер және жастармен кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты — адамдардың құқықтарын қорғаумен қоса, болашақ ұрпақтың еркін ой-өрісінің дамуына мүмкіндік беру.
Сонымен қатар, мигранттардың құқықтарын талқыға салып, екі жақты келісімді шешім шығару. Жүргізілген есеп бойынша, адам құқығының бұзылуы көбінесе сот өкілеттілігінің кесірінен болады. Мұны Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов айтты. Халқының саны миллионға жақындаған өңірімізден бастау алған шара алдағы уақытта өзге өңірлерде жалғасын табады.