Елбасы өтірікшілерді жақтырмайды

Кездесу соңы естелік суретке түсумен тәмамдалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың курстастары бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері және ұстаздарымен кездесті.

Елбасының курстастарымен өткен кездесу
Елбасының курстастарымен өткен кездесу

 

Қайрат Исламқұлов, Марат Қыстаубаев, Тельман Спаев Украинада кәсіби-техникалық училищеде Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқыған шақтарын еске алып, әңгіме өрбітті. Олар қазіргі ұлт көшбасшысының сол кездегідей қарапайым қалпында қалғанын айтады. Басқосу аясында студенттер Президенттің бұрын соңды білмейтін қасиеттеріне қанықты.

Кездесуге келгендер қонақтарға сұрақ қойды
Кездесуге келгендер қонақтарға сұрақ қойды

Қайрат Исламқұлов, Елбасының курстасы: «Нұрсұлтан Әбішұлы өтірікші мен алаяқтарды жаны жақтыртпайды. Тіпті қасында жүрмейді. Мен Президентіміздің мінезін жақсы білемін ғой. Және ашық, адал, мейірбан жандармен достасады. Соларға ғана ашылып сырын айтады. Ең бастысы, Нұрсұлтан елдің ертеңі үшін еңбек етіп жатыр. Көзіміздің алдында адам айтқысыз жетістіктерге жетті. Мұндай кез келгеннің қолынан келе бермейді. Елбасымызды бағалайық дегім келеді».

Мемлекет басшысының курстастары
Мемлекет басшысының курстастары

Мадияр Қаныбаев, ОҚМПИ-дің студенті: «Мен алдын Елбасының мынадай қасиетін білмейтін едім. Ол — достарын ешқашан ұмытпайтындығы. Жас кезінде бірге Теміртауда жұмыс жасаған достарын, әріптестерін әлі күнге дейін ұмытпай, солармен бірге баяғыдай қарым-қатынаста екен. Олардың жағдайын, халін, халықтың жағдайын солар арқылы біліп отыратынын да бүгін осы жиын арқылы біліп отырмын».

Елбасының үзеңгілестерінің сөзін ұйып тыңдап отыр келгендер
Елбасының үзеңгілестерінің сөзін ұйып тыңдап отыр келгендер

«Кемеңгер Елбасы — қазақтың мақтанышы» атты кездесуде Президент өмірінен сыр шертетін арнайы видеоролик те көпшілік назарына ұсынылды. Бұған қоса, шара барысында мемлекет басшысының соңғы еңбектері жазылған кітап көрмесі де арнайы қойылды.

Кездесу соңы естелік суретке түсумен тәмамдалды
Кездесу соңы естелік суретке түсумен тәмамдалды

 

ЖОО-ның мұрайжайына Елбасының 200-ге тарта туындысы орын тапқан. Яғни студенттер кез келген уақытта кітаптарды оқып, саясаттың сырын ұғына алады.

[youtube]http://youtu.be/ZRxTyv83TsQ[/youtube]