Иіс газынан екі адам мерт болды

321

Жылу маусымының алғашқы құрбандары! Шымкентте ерлі-зайыптылар көмірқышқыл газына уланып, мерт болды. Қайғылы оқиға Тұрлан елдімекенінде болған.

 Кешкі сағат 8 жарымда түскен суыт хабар бойынша келген жедел жәрдем дәрігерлері мен құтқарушылар үйдің есігін әрең ашып, ішке кіргенде ерлі-зайыптылардың өлі денесінің үстінен түсті. Алдын ала болжамға сәйкес,  түнде пешке көмір жаққан отбасы ұйықтап жатып, иістеніп қалған. Еске сала кетейік, өткен жылы дәл осы күні көмірқышқыл газына улану оқиғасы тіркелген болатын.