Бүгін «Изуми» сауда желісінің көптен күткен құрметті қонақтары келді. Еуропадағы №1 брендік өнімдерді таныстыратын EnricoMarinelli-дің өкілдері жерлестеріміз үшін жаңа киім үлгілерінің түсімін ұсынды.
Бұл — «Изуми» сауда желісіне Стамбулдан арнайы келген EnricoMarinelli-дің өкілдері. Қонақтар итальяндық өнімдерді осы сауда орталығының қызметкерлеріне таныстырып, сән әлемінің арнайы шеберлік сабақтарын өтіп жатыр. Айтуларынша, сапалы әрі сәнді EnricoMarinelli-дің киімдері Шымкенттің ғана емес, Париж, Милан, Мәскеу, Лондон сынды әлемнің алып қалалары тұрғындарының таңдауы болып отыр.
Махмұт Энрико, EnricoMarinelli сауда белгісінің бас директоры:»Мен шымкенттіктердің талғамына тәнті болып отырмын. Баршасы жақсы киінеді екен. Ал біздің киімдер де әлемдегі ең танымал әрі сапалы. Сондықтан Шымқалның тұрғандары алдында мақтана ұсынып жатырмыз».
Европадағы №1 брендік киімдерді ұсынатын EnricoMarinelli сауда белгісімен «Изуми» сауда желісінің әріптестік қызметте жүргеніне 10 жылдан асқан. Сондықтан ерлерге арналған кең талғам мұнда жиі өзгеріп тұрады. Бұған қоса, «Изуми» сауда желісі басшылығының айтуынша, осы итальяндық өнім бүгінде көптің сұранысна ие.
Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Біздің клиенттер өте риза, рахмет айтып жатыр. Тіпті бізге келіп EnricoMarinelli-дің киімдері қайда сатылатынын сұрайды. Сатып алады. Тіптен осы сауда белгісімен киінетіндері де көп. Бұл EnricoMarinelli-дің сапасы мен кереметтігінде деп ойлаймын».
«Изуми » сауда желісі жақын күндері «EnricoMarinelli» -дің қыс мезгіліне арналған жаңа түсімін ұсынатын болады.