Кәсіпкерді өлтіргендердің соты өтіп жатыр

421

Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кәсіпкер Камал Ариповтың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бір айта кетерлігі, осы іске қатысы бар деп ұсталған азаматтар қазір өз кінәларін мойындамай отыр. Олардың ата-аналары да ұлдарының жантүршігерлік оқиғаға қатысы жоқ деп даурығуда.

 Дегенмен, оқиға орнында болған 6 айыпталушының жасаған әрекеттерінің ақ-қарасын анықтап, төрелігін айтатын сот алқасы бұл жолы екі жақтың да уәжін тыңдады. Еске сала кетсек, көктемде Шымкенттегі кәсіпкердің үйіне басып кірген қарақшылар бір отбасының ойранын шығарған еді. Олар үй иесі мен баласын өлтіріп, әйелі мен қызын соққыға жығып кеткен болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2cnQIT1v8Ns[/youtube]