77 жастағы қарт ананың үйінде 4 жылдан бері жылу жоқ

Жасы 77-ге  келген кейуана жоғары жақтан көмек күтеді. Айтуынша үйінде 4 жылдан бері жылу жоқ. Зейнеткер бұған дейін арызданып, Абай аудандық әкімдігінің есігін талай қағыпты. Бірақ, онысынан нәтиже шықпаған. Мәселеге атүсті қараған атқамінерлердің құрғақ уәдесіне сенуден қалдым, -дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fSOmWeiRXP8[/youtube]

Фаина Шурбаеваның екі бөлмелі пәтерінде жылу тек қана қонақ бөлмеде ғана бар. Жасы жетпістің жетеуіне жеткен қария үй ішінде үстіне қабаттап жылы киім киіп, жылыну қамын өздігінше күйттеп келеді.

Фаина Шурбаева, зейнеткер: «Аяғымды баклашкаға ыстық су құйып алып жылытамын. Түнде ек-үш рет тұрып қайталап тұрамын. Денем жылымайды. Жатын бөлме мен асхананың есігін жауып ұстаймыз. Кірсең тоңып қаласың. Өзім екінші топтағы мүгедекпін».

Жатын бөлмедегі жылу батериясы істен шыққан
Жатын бөлмедегі жылу батериясы істен шыққан

Төрт жылдан бері осы күйді кешіп келген кейуана тиісті орындарға көмек сұрап барған. Алайда, мардымды жауап бермей бір-біріне сілтеп келіпті. Ал жергілікті атқарушы билік болса, қалыптасқан жағдайға тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Алдымен бүкіл үй болып, кінараттың қайдан кетіп отырғанын зерттеу керек екен.

Көпқабатты үйдердің тұрғындары жартылай жылусыз отыр
Көпқабатты үйдердің тұрғындары жартылай жылусыз отыр

Нұрлан Тілеш, Абай аудандық әкімнің орынбасары:  «Алдымен жылу беретін мекемемен келісу керек, осы жердегі бригадамен де, мүмкін жертөледегі винтил істемей қалған шығар. Ал бірақ мен 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін құбырларды ауыстырып беремін деп айта алмаймын. Былтыр да жылымай алдыңғы жылы да жылымаған болса, келесі жылы бірінші кезекке қойып жәрдем беріп жағдай жасап береміз».

Атқамінердің айтуынша, өздігінен жүріп тұруы күн санап қиындаған кейуананың жылыту маусымына жаздан бастап қамдану керектігін түсіндірді. Алайда, шенеунік келесі жылы зейнеткердің баспанасында жылу болады,-деп уәде етті. Бірақ, оған дейін кім бар, кім жоқ…