Кен қалдығы жатқан аймақ

Кентау қаласындағы кен орындарынан шығатын ілеспе заттарды консервациялау жұмыстары басталды. Үш жүз гектарға жуық жерді алып жатқан қойма қалаға таяу маңда орналасқан.

Кен қалдығы жатқан аймақ
Кен қалдығы жатқан аймақ

Онда 136 миллион тонна қорғасын мен мырыш қалдығы жатыр. Бұл қауіпті қалдық аймақтың экологиясына кері әсерін тигізеді. Залалсыздандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 250 миллион теңге бөлінген.

Бірақ, жергілікті билік өкілдері қаржының түсуін күтпей, бірінші кезеңді орындауға 70 миллион теңге бөлген. Қазіргі таңда алғашқы кезең жұмыстары басталып кетті. Іс-шаралар келесі жылдың күзіне аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, экология министрлігі жанынан арнайы комиссия құрды. Оның мүшелері сараптама жүргізіп, Кентау қаласын экологиясы бұзылып бара жатқан аймақтардың қатарына қосу не қоспау жөнінде нәтиже жасауы тиіс.