Кесте тігу — өнер

Кесте тігу үшін керек жіптер

Сәндік қолөнердің бір түрі кесте тігу ежелден көптеген халық арасында кең тараған. Кесте тігу өнері өз маңызы мен қасиетін жойып барады. Оған себеп заманауи өнімдер мен техниканың дамуы. Бұл тамаша өнерді күнделікті тұрмысымызда қолданатындар бүгінде аз.

Кесте тігу өнері әсіресе қыз балаға жарасымды. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Бірақ өнердің кестелеп тігу кәсібі кенжелеп қалды. Қазір қаламызда кесте тігетін жастар санаулы-ақ. Солардың бірі 15 жастағы Ангелина Путилина.

Кесте тігу үшін керек жіптер
Кесте тігу үшін керек жіптер

Ангелина Путилина, оқушы: «Мен бірінші киім тігумен айналысып жүрдім. Содан бір журналдан кестелеп тіккен суреттерді көріп қалдым. Маған қатты ұнады. Үйреніп алуға барынша тырыстым. Бірінші еңбегім апама 8-ші наурызда жасаған сыйлығым болды».

Жас қолөнершінің ұстазы күнделікті түрлі әдістермен таныстырады. Жоғалып бара жатқан бұл кәсіпке жастардың көптеп тартылғанын қалайды. Ангелина ұстазы Галина Винокурованың  қазіргі көз қуанышы. Қағылез қыз талабы мен талантын ұштастыра алса, әлі-ақ көптеген шыңдарды бағындыратынына сенімді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CcY7-lWZuQQ[/youtube]

Галина Винокурова, мұғалім: » Бұл кестелеп тігу өнерін қайта қолға алу керек. Мен қазір өз шәкіртіммен мақтана аламын. Әрине бұл сабағына кесірін тигізіп жатқан жоқ. Үйірме жұмыстары сабақтан тыс уақытта қарастырылған».

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға ортақ өнер. Мұндай өрнектеудің кей түрі бірқатар халықта күні бүгінге дейін сақталып қалған.