Оңтүстікте күздік бидай егіні басталды

766
ОҚО-да бидай егіні басталды

Оңтүстік Қазақстанда қысқа қараған шақта бидайдың егіні басталды. 140 мың гектар жерге дән себіледі деп жоспарланғанымен, бүгінде оның 80 пайызы орындалған. Әзірге осы егіс алқабындағы астық көгере бастапты. Айта кетейік, биылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты, бидай ұрығы жер астында қалып, межелеген өнімді бермеуі мүмкін.

ОҚО-да бидай егіні басталды
ОҚО-да бидай егіні басталды

Досыбек Сыдық, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор: «Егістегі көптеген ұрықтар құрғақ жерде ай бойы, тіпті 40 күндей жатып қалды. Алғашқы жаңбырдың өзі 26-қазанда ғана жауды. Нәтижесінде, қазан айындағы жауын мөлшерден аз түсті. Қараша айында сондай, біз күткен нәтиже болмады. Сондықтан өнім әлі шыққан жоқ».

Бірақ енді ғана егіске дән сепкендердің жоғалтқанды қайтаруға мүмкіндігі бар. Мамандар осылай деп үміттенеді. Себебі қыс алдында егілген бидай өнімді келеді. Бұл егістікті кейінге сырған дихандардың, енді 2 есе артық астықты себуіне болады деген сөз. Егер күздік егінде жыл сайын мәселелер артып жатса, яғни ұрықтың түрлі сұрыпын іздеп, шығынға шаш етектен батудың қажеит жоқ. Артылған алқапқа арпа немесе жем-шөп болар астықты еккен жөн.

— Өнімнің әртараптандыру жоспарына сәйкес, қыс іргесіндегі бидай егілетін аумақты қысқартып, арпа мен жем-шөпке ауыстыру қажет. Қара малдың артқанынын есепке алсақ, жем-шөптің де жағдайын жақсарту маңызды, -ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Досыбек Сыдық.

[youtube]http://youtu.be/RsP6-5e5d6U[/youtube]

Жуырда жүгері және жоңышқаның орнына, жем-шөпті сақтау аумағын үлкейту және мақта танаптарын 28 мың гектарға қысқарту жоспарланып отыр.