Оңтүстікте жасыл экономикаға өтуге мүмкіндік мол

318
"Су ресурстары-Маркетинг" мекемесі шағын электр стансасын салмақ

Қазақстанның жасыл экономикаға өту саясатын жүзеге асыру максатында Шымкентте халықаралық форум өтті. Мұндай іс-шараның Оңтүстікте ұйымдастырлуы кездейсоқ емес. Өйткені, өңірде электр қуаты тапшы. Алайда, саланы дамыту бойынша мүмкіндік мол. Өңірімізде қуаты 44,4 МВт шағын электрстанцияларын салу бойынша 6 жоба қарастырылуда.

Анарбек Орман, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры: «Біздің өлкеден Ақсу өзені ағып жатыр. Соның бойында қуаты 6 МВт шағын электрстансасының құрылысы басталмақ. Негіздемесі дайын.»

«Су ресурстары – Маркетинг» мекемесі жасыл экономикаға өтуге дайын

Ірі кәсіпорындардың бұл бағытта енгізген жаңашылдықтарымен АҚШ, Германия, Қытай, Малайзия, Ресей компанияларының өкілдері танысты. Форум аясында өткен инновациялық жобалардың көрмесіне 30-ға жуық жоба ұсынылған. Олардың басым бөлігі жел, күн сәулесінен қуат алатын электр станциялары мен мембрандық су тазартқыштар және де жаңа құрылыс материалдарын шығаруға арналған.

Халықаралық форумның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 35 миллард теңгеден асатын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды. Жасыл экономикаға өту бойынша облыста тартылған инвестицияның көлемі 120 миллиад теңгені құрап отыр. Жобалар жүзеге асса, ауыл шаруашылығы, туризм, қалдықтарды өңдеу ,орман және балық шаруашылығы дамып, су шаруашылығын басқару сияқты мүмкіндіктер пайда болмақ.