Jańalyqtar Облыстық оңалту орталығында семинар өтті (фоторепортаж) Móldir Bekeeva - 16.11.2013 944 Семинар сабаққа балалрмен қоса, аудан-қалалардан тәрбиеші және психолог мамандар арнайы келіпті Облыстық оңалту орталығында «Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету жұмыстарының жүйесінде ойын арқылы дыбыстарды дұрыс айтқызу» тақырыбында семинар өтті Семинар сабаққа балалармен қоса аудан-қалалардан тәрбиеші және психолог мамандар арнайы келіп, қатысты Дыбыстарды дұрыс айтуға талпынған бүлдіршіндер алдымен тақтаға әріптер жазылған түрлі-түсті қағаздарды ілді. Мәселен, дауыссыз дыбыстарды қою түспен белгілесе, дауысты әріптерді ашық түстермен баяндады Ал сабаққа тәжірибе алмасу үшін арнайы келген мамандар ойындар арқылы сабақ өтуді үйреніп отыр. Арасындағы жас тәрбиешілер сұрақ-жауапты да ойын немесе ән арқылы меңгеру тәсілдеріне қызығушылық танытты. Партада отырған балалар 42 әріптен дауысты мен дауыссызды ажыратуға көшкен. Бірін-біріне қарап, түсінбеген тапсырманы үйреніп жатыр Бұл үшін мынадай арнайы әріптер мен санама жинағын және түрлі түсті қағаздар қолданылады Дариға Ким, ОҚО оңалту орталығының педагогикалық түзету меңгерушісі: «Мұндай деңгейдегі семинар бізде алғаш рет өтіп жатыр. Басты мақсат — тәжірибе алмасу. Мәселен, семинарда мүгедек балалардың сабаққа деген ықыласын қалай аударуға болады? Және қызығушылығын оятып, үлгерімін жақсартудың жолдары деген сияқты сауалдарға жауап ізделеді. Қазір бізде көрсеткіш жақсы деп айта аламыз. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балалар түстерді айырып, санауды меңгерген» Кескін-бейнені құрастыру да есту қабілеті төмен балалардың санауды үйренуіне қосар үлесі зор дейді тәрбиешілер. Осы тәсіл арқылы олар таным сабақтарына еркін және қызыға қатыса алады Ал аудандардан келген тәрбиеші мамандар осылайша «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Әлеумет» білім беру саласының тәжірибелік үлгісін тамашалады. Тіпті, мүгедек балалармен жұмыс жасаған қызметкерлердің ептілігі мен біліктілігіне тәнті болғандарын жасырған жоқ «Таным» сабағында тәрбиешілер міндетті түрде түрлі түсті ойыншықтарды пайдалануы керек екен. Сонда бүлдіршіннің есте сақтау қабілеті жақсы дамитынын айтады мамандар. Бұған қоса, аталған әдіс балалардың сөздік қорын байытып, көңіл күйдің тұрақтылығын сақтайды Айта кетейік, бүгінде осы облыстық оңалту орталығының көмегіне 3-7 жас аралығындағы 159 бала жүгініп отыр. Оның 4 тобындағылар (39 бала) сал ауруымен ауырады. 6 тобында (111 бала) тіл кемістігі бар бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Қалған 1 тобы (12 бала) есту қабілеті төмен сәбилер үшін жұмыс жасауда [youtube]http://youtu.be/Xc9Y8jHo44c[/youtube]