Облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы сайланды

361

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Онда аталған кеңестің төрағасы тағайындалды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай  Мырзахметов кәсіпкерлердің өңірлік палатасының отырысында Нұржан Әлтаевты көпшілікке осы ұйым-кеңесінің төрағасы ретінде таныстырды. Шағын және орта бизнесті дамытумен айналысатын кәсіпкерлер палатасы іскер жандардың құқықтары мен отандық өндірісті қолдау үшін құрылған.

Абылай Мырзахметов, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы: «Өзге елдердегі палата сияқты кәсіпкерлікті дамытуға білек сыбана кірістік. Бүгінде өңірлерде кеңестер құрылуда. Олардың заң шеңберінде жұмыс жүргізуі үшін барлық құжаттар әзірленуде. Бүгінде кәсіпкерлердің мүддесін, құқығын кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік кеңес қорғайтын болады. Ауылдағы шаруа, кәсіпкер болсын, олар да бізден тегін кеңес ала алады. Олардың мұң-мұқтажын жоғарыда қорғауда аянбаймыз. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттырамыз деген ойымыз бар.»

Билік пен кәсіпкерлердің арасындағы көпір ретінде жұмыс атқаратын палатаға облыс әкімдігі тек қолдау көрсететінін атап өтті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DMpKbh4P-0I[/youtube]

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары:» Ауылда кәсіпкерлікті дамыту керек, бұған дейін түсініспеушіліктер болатын, енді біріге жұмыс жасаймыз. Қатеміз де бір болады. Алдағы бес жылға жоспар бар, соны жүзеге асырамыз. Сіздерден тек белсенділік керек. Бірге жұмыс жасауға облыс әкімдігі дайын.»

ОҚО кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесі төрағалығына сайланған Нұржан Әлтаев кәсіпкерлікті дамыту бойынша деген жоспарларымен бөлісті. Жаңа төраға кәсіпкерлерді локомотивті жобаларды қолдауға шақырды. Осыған дейін инвестициялық жобалар жәрмеңкесін ұйымдастырған халыққа қызмет көрсету орталығы палатаның құрамында қалатын болды.