Олимпиадаға кім барады?

2014 жылдың 7-24 ақпаны аралығында Ресейдің Сочи қаласында қысқы олимпиада ойындары өтеді
2014 жылдың 7-24 ақпаны аралығында Ресейдің Сочи қаласында қысқы олимпиада ойындары өтеді
2014 жылдың 7-24 ақпаны аралығында Ресейдің Сочи қаласында қысқы олимпиада ойындары өтеді

2014 жылдың 7-24 ақпаны аралығында Ресейдің Сочи қаласында қысқы олимпиада ойындары өтеді. Бұл олимпиаданың жолдамаларын сарапқа салу 2012 жылдың қараша айында басталған болатын. Содан бері не өзгерді? Қазақстанның еншісіні осы кезге дейін неше жолдама бұйырды? Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі 2014 жылы өтетін Сочи олимпиадасына барлығы 40 жолдама алуды жоспарлап отыр.

Біздің ел алғашқы лицензияны шаңғымен тұғырдан секіруден алды. Одан кейін Канадада мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында жас саңлақ Денис Тен күміс жүлде иеленді. Сондағы Денистің айтулы көрсеткішінен кейін Халықаралық коньки федерациясы Қазақстанға екі жолдама берді. Сочи олимпиадасына Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев қатысатын болды. Денистің сол жетістігі оны халықаралық коньки федерациясы жариялаған рейтингте он жетінші орыннан алтыншы орынға бір-ақ көтерді.

Әйелдер арасында Екатерина Айдова (1000 метрге жүгіру) Сочиге барады
Әйелдер арасында Екатерина Айдова (1000 метрге жүгіру) Сочиге барады

Одан кейінгі кезек шаңғышыларға келді. Италияның Валь Ди Фомме қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық спринтте қолаға ие болды. Одан бөлек Полторанин 50 метрлік марафон жарысында қола медаль алды. Осылайша бұл екеуі де Сочи олимпиадасына баратын жолдаманы иемденді. Одан бөлек тағы сегіз жолдама бұйырды.

Биатлон спортынан да біздің ел шет қалмады. Әлем Кубогі мен әлем чемпионаты қорытындысы бойынша еншімізге он жолдама тиді. Бұл он лицензия да ерлер мен әйелдерге теңдей бөлінген. Он жолдаманың барлығы жеке спортшыларға емес, олимпиадаға қатысатын биатлоншыларға жалпы берілді. Ал анық кімдердің баратынын бапкерлер кеңесі жариялайды.

Сочи олимпиадасына Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев қатысатын болды
Сочи олимпиадасына Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев қатысатын болды

Конькимен жүгіруден Денис Кузин Әлем Кубогінің екі кезеңіндегі көрсеткіштері бойынша Сочи Олимпиадасына баратын жолдаманы жеңіп алды. Шорт-тректен спорт шебері Денис Никиш те соңғы сәттерде олимпиада құрамасының сапына қосылды. Денис Кузин Әлем Кубогінің 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтетін үшінші кезеңіне қатысады. Бірақ ондағы нәтижелерге қарамай, Сочи Олимпиадасында 1000 және 1500 метр қашықтықта конькимен жүгіреді. Өйткені, жолдама қалтада.

Италияның Валь Ди Фомме қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық спринтте қолаға ие болды
Италияның Валь Ди Фомме қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық спринтте қолаға ие болды

Денис Никиш болса олимпида лицензиясын Ресейдің Коломна қаласында өткен Әлем Кубогінде ұтып алды. Ол Сочиде 1000 метрлік қашықтықта және эстафеталық жарыста ел намысын қорғайды. Айта кетсек, эстафета – шорт тректе салмаққа ие. Оған барлығы сегіз құрама команда қатысады. Сондықтан, біздің спортшының жоғары нәтижеге жету мүмкіндігі бар.

5000 метрге жарысуда Дмитрий Бабенко Сочи олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды. Әйелдер арасында Екатерина Айдова (1000 метрге жүгіру) Сочиге барады.

Конькимен жүгіруден Денис Кузин Әлем Кубогінің  екі кезеңіндегі көрсеткіштері бойынша Сочи Олимпиадасына баратын жолдаманы жеңіп алды
Конькимен жүгіруден Денис Кузин Әлем Кубогінің екі кезеңіндегі көрсеткіштері бойынша Сочи Олимпиадасына баратын жолдаманы жеңіп алды

Ал хоккейден Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы олимпиада ойындарының лицензиясын ала алмады. Ерлер құрамасы іріктеу жарысының шешуші ойынында Латвиядан ұтылып, жолдамадан айырылды. Әйелдер құрамасы Германия, Қытай, Чехиямен бір жолдамаға таласып, барлық ойында жеңіліп қалды.

Infostrada сараптама орталығы Сочи олимпиадасында медаль алатын елдердің мүмкіндіктерін санамалап шықты. Қараша айындағы болжам бойынша Қазақстан Сочи олимпиадасында бір күміс медаль алып, 24-орынға тұрақтайды-мыс. Олардың ойынша, Қазақстан құрамамасына жалғыз медальді шаңғышы Алексей Полторанин классикалық әдіспен 15 шақырымдық қашықтықта жүру бойынша алып береді.

5000 метрге жарысуда Дмитрий Бабенко Сочи олимпиадасына қа-тысу құқығын жеңіп алды
5000 метрге жарысуда Дмитрий Бабенко Сочи олимпиадасына қа-тысу құқығын жеңіп алды

Сарапшылардың айтуынша, Сочидің 15 алтынын, 12 күмісі мен 10 қоласын Норвегия алады. Осылайша бірінші орынға көтеріледі. Ал Ресей болса сегізіншіге тұрақтап, бес алтын, бес күміс пен жеті қола иеленеді.

Бұл тек болжам ғана. Кесте әр ай сайын жаңаланып отырады. Қазақстанның Полтораниннен басқа да үміт етер спортшылары жетерлік. Әлем чемпионатының алтынынан әділетсіздікпен айырылып, күмісін таққан Денис Тен мен Ванкувердің күміс жүлдегері, биатлоншы Елена Хрусталеваға артылған үміт мол.

Сочи олимпиадасына Қазақстаннан нақты неше спортшы баратыны, олардың кім екені әлі де нақтыланған жоқ. Сочидің жолдамалары 2014 жылдың қаңтар айына дейін ойнатылады. Сондықтан келер жылы да жолдама санын молайтуға мүмкіндік бар.

Жәнібек НҰРЫШ