Отырар ауданының бюджеті 9 айдың қорытындысы бойынша 104 пайызға орындалған. Кірістер 5 миллиард теңгені құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны мыңнан асып, 186 жаңа жұмыс орындары ашылды. Және де 334 миллион теңгенің өнімі шығарылды.
Салыхан Полатов, Отырар ауданының әкімі: «Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қаржы институттары арқылы 272 жобаға 308,6 миллион теңге несие берілді.» Бизнестің жол картасы-2020″ бағдарламасы аясында 50 миллион теңгеге 1 жоба қаржыландырылды. Ол «Агронуразия» ЖШС-түйе сүтінен ұнтақ шығармақ. Жалпы жоба құны 630 миллион теңге».
Ағымдағы жылы инвестиция көлемі 14 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық. Алайда ауыл ағайындарын жұмыспен қамтуда жоспар орындалмаған. «Жұмыспен қамту- 2020″ мемлекеттік бағдарламасы бойынша 269 адам жұмысқа орналасу керек болса, нақты 154 адам жұмыспен қамтылған».
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hUH_Q-osxA8[/youtube]
Салыхан Полатов Отырар ауданының әкімі: «Жұмыспен қамту бөліміне былтыр 786 адам өтініш білдірген. Олардың 427 -і жұмысқа орналастырылды. Биыл 9 айда 901 адам өтініш білдіріп, 525 адам тұрақты жұмыспен қамтылды».
Отырар ауданында жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Жұмыссыз деген ресми мәртебесіне 280 адам ие. Ауданның аграрлы екендігін ескерсек, жұмыс тек маусымдарда болып, адамдар сонда уақытша жұмыспен қамтылады.