Отырар ауданында балабақша кезегі азайды (фото және бейне)

«Тұңғыш Президент» күнінің қарсаңында Отырар ауданында әлеуметтік нысандардың қатары көбейді. Аудандағы Маяқұм мен Жаңа Шілік ауылдарында екі балабақша ашылып, ата-аналар мен бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Аудандық білім бөліміндегілердің айтуынша, таяуда Отырар ауданында балабақша кезегі деген болмайтын көрінеді. балабақша   балабақша

[youtube]http://youtu.be/JydKthlBoNI[/youtube]

балабақша Маяқұмда балабақша бұрын да болған. Алайда, тозығы жеткен ескі ғимараттың апатты қабырғаларында 25 бала ғана тәрбиеленіпті. 20 жылдан соң ғана күрделі жөндеу көрген ғимаратта енді 75 бала тәрбиеленетін болады. Баладан бір сәт қолы босап, оны-мұны жұмысына уақыт тапқан ата-аналардың қуанышында шек жоқ. балабақша   балабақша Жалпы, Отырар ауданы бойынша «Балапан» бағдарламасының аясында 20-ға жуық балабақша жұмыс істейді. Онда бүгінгі күні 2 мыңдай бала тәрбиеленуде. Аудан бойынша әлі де 400-дей бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Алайда, бұл мәселенің шешімін жауаптылар тауып қойыпты.

балабақша

 

балабақша

Раиса Шалметова, Аудандық білім бөлімінің әдіскері: «Алдағы уақытта бұрынғы мектептердің ескі жайын күрделі жөндеуден өткізіп, балабақша етіп ашпақшымыз. Сол 3 балабақша ашылған кезде кезектегі балалар мәселесі шешіледі деп ойлаймын».

балабақша

балабақша

балабақша

балабақша