Қазақ журналистикасы тағы да жаңа бір сайтпен толығып отыр. Электронды жүйенің ерекшелігі сол-суреттер сөйлейді. Әлеуметтік желінің шығармашылық ұжымы сапасы жоғары бейне арқылы ақпаратты жедел әрі шынайы таратуға тырысатынын жеткізді.
Бүгінде Photooner.kz сайты оқырмандарына жаңалықтар, біз туралы, фотодәріс және галерея сынды 4 бірдей айдарды ұсынып отыр. Бұған қоса, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған осы желі — ел аумағындағы фотография саласы бойынша мемлекеттік тілде қызмет ететін алғашқы сайт болып тіркеліпті.
Серік Өтегенұлы, Photooner.kz сайтының жетекшісі: «Біздің сайт негізінен фотографияға арналған, кәсіптік, кәсіпқой фотографияға арналған. Бұл жерден кәсіпқойларға арналған фото-дәрісхананы да таба аласыз. Содан соң осы еліміздегі фотографияның деңгейін көтеру мақсатында құрылған».
Айта кетейік, аталған сайттың ашылуымен қатар, елімізде мемлекеттік тілді «Фотожурналистика» атты оқу құралы жарық көрді. Еңбек журналистика мамандығы бойынша фотожурналитика пәнінен дәріс алатын студенттерге және фотосүер көпшілік қауымға арналған.
[youtube]http://youtu.be/yX4gv1ADa-g[/youtube]