Полициялық бекет бой көтерді

Полиция бекетіОтырар ауданындағы Маяқұм ауылында полиция тірегі ашылды. Бұрын ауылдық әкімдіктің бір бөлмесінде жұмыс істеген құқыққорғаушылар тіпті телефон қызметін де пайдалана алмаған еді.

Ал жаңадан ашылған ғимаратта енді керек-жарақтың бәрі бар. Оған қоса, су жаңа нысанмен бірге Маяқұмдық полицейлерге қызметтік көлік те қоса сыйланыпты. Бес қаруы сай болған мамандар енді ауылдағы тыныштықты күні-түні қорғауға ант су ішіп отыр.

Жалпы, Отырар ауданы бойынша 5 полиция тірегі жұмыс істейді екен. Аудандағы ауылдарға әлі де 7 осындай бекет қажет.

Нұрдәулет Мұсаев, Отырар аудандық ІІБ басшысы: «Мал ұрлығы былтырдан бері азайған. Жылдың басынан бері 15 мал ұрлығы болған. Оның бесеуі ашылды. Үлкен қылмыс бұл жерде болмаған».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gGU8x9oqJNE[/youtube]