Сарыағаш шипажайына — 50 жыл

Сарыағаш шипажайының құрылғанына 50 жыл толды. Осы жарты ғасырдан бері шипажайдың минералды суынан миллиондаған адам ем-дом алған.

Қазақстан ғана емес, әлемге аты әйгілі Сарыағаш шипажайының іргетасы 1963 жылы қаланған. Орталықты Ресей, Қытайлық жұртшылық та жақсы таниды.

Санат.

Мамандардың айтуынша, мұндағы минералды су, әсіресе, асқазан-ішек аурулары мен өт және зәр шығару жолдарын емдеуге таптырмас дауа. Соның айғағы болса керек, 25 жылдан бері осы орталыққа үздіксіз келетін емделушілер де бар екен. Науқаспен туған-туыстай болып кеткен мейірімді мейірбикелер қант диабетіне шалдыққандарды да емдеп шығарыпты.

Санат3

Шипажай ұжымын мерейтойымен құттықтауға бұл күні Ресей, Қырғызстан және Болгарияның да дәрігерлері келіпті. Демалушылармен бірге олар да шипажайдың ең алғашқы іргетасын қалауға мұрындық болған Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткішіне гүл қойып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге уағдаласып қайтты.

Санат4

Санат1