Jańalyqtar Шымкенттіктер қала күнін тойлады (фоторепортаж) Móldir Bekeeva - 02.11.2013 718 Көпшілік айтулы мейрамды арқа-жарқа тойлап жатыр Таң рауандап атысымен жерлестеріміз саябақтарға ағылды. Бірін-бірі мерекелерімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күйде мәре-сәре болды Шымқаланың мерейін асыратын той ә дегеннен -ақ сән-салтанымен өрбіді. Жиналғандар сахнадан көз алмай, концерттік бағдарламаны тамашалады Көпшілік айтулы мейрамды арқа-жарқа тойлап жатыр Осы күні әр саланың үздік қызметкері де марапатталды. Сүйікті қаласының туған күнінде олардың еңбегі еленіп, ерекше құрметке ие болды. «Шымкенттің ең үздік фельдшері» арнайы сыйы Абдулла Әлиевке берілді Шымкенттің туған күні барлық жерде атап өтілді. Мысалы, Әл Фараби ауданының тұрғындары орталық саябаққа жиналды. Мұндағы сахнаы төрінде әжелер ансамблі шарықтата ән салды Бұл күні ауа райы да ашық болып, халық көп жиналды Саябақтардағы тігілген киіз үйлерде ардагер-қариялар мен көпбалалы аналарға арналып, дастархан жайылды Айтпақшы, мынадай тамаша көрмелер де көпшілік назарына ұсынылды Көрмеге 1000-ға жуық еңбек қойылған Қазақтың ұлттық қолөнерлері мерекенің мерейін асырды. Қызығушылық танытқандар бұйымдардың жасалу жолдарымен танысуға тырысты [youtube]http://youtu.be/lePU_L1AxUE[/youtube]