«Балаларды спорт алаңшасынан айырды». Таяуда Қайнар-бұлақ саяжайының тұрғындары елдімекендегі жалғыз стадионның үстінен құрылыс жүріп жатыр деп редакциямызға дабыл қақты. Айтуларынша, спорт алаңшасын 2007 жылы мәслихат депутаттығына сайлауға түскен Қайрат Молдасейітов тұрғындарға тарту еткен екен.

DSCN0798

DSCN0812

Енді, міне, арада алты жыл өткенде стадионға малды асылдандыратын зертхана салынды. Салдарынан Қайнар-бұлақ саяжайының балалары бос уақытын қалай өткізерін білмей, бос сенделіп жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы алаңша салынғаннан бері ауылда спорт өркендеп, ауылдан республикаға танымал көптеген спортшылар шыққан екен.

DSCN0793

DSCN0795

Ал Абай ауданындағы шенділердің сөзінше Қайнар-бұлақтағы стадионның құжаты жоқ. Демек, бос жатқан жер болып саналады дейді. Сондықтан «елдің қамы үшін» дәл осында Қазақстандағы 200 асылдандыру бекетінің бірі салынбақ.

DSCN0821

DSCN0822

Абай ауданы бойынша болашақта 26 спорт алаңы салынбақ. Соның бірі Қайнарбұлақ саяжайындағы мектептің жанынан түседі дейді билік өкілдері. Бұл — саяжайдың 52 мыңнан астам тұрғыны спорт алаңшасынсыз қалмайды деген сөз. Бірақ ол — келесі жылдың ісі. Алайда, қайнарбұлақтықтар бұрынғы стадионын қайтарып алу қамымен Парламентке арызданбақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2Qp8KsZ-bF8[/youtube]