Ақсукент ауыл округіндегі Сұраншы батыр көшесінен өрт шықты. Өртенген шағынаудандағы көпқабатты үй емес, сол үйлерге су тартамыз деп құрылған «Вода Проект» компаниясының жұмыс алаңындағы асханасы мен қоймасы орналасқан контейнер жанып кетті.
Абдырап қалған мекеме жұмысшылары өз күштерімен отты өшірмек те болды. Алайда ауыздықтай алмай, өртсөндірушілердің көмегіне зәру болды. Олар да әдеттегідей 15 минуттан соң келіп, өртті сөндірді.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт электр тоғының тұйықталуынан орын алған. Қуанышқа орай, адам шығыны болмады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5SVl9RxCwjc[/youtube]