«Түркістан» шағынауданындағы электр желісінің «иесі» табылды

266
Тұрғындар жауаптылардан мүлкін өндіріп алмақ

Иесіз делінген «Түркістан» шағынауданының электр желісіне қай мекеме жауапты екені анықталды. Қалалық коммуналдық қызмет өкілдері аталған елдімекен бізге қарасты емес деп ақталса, электр желісінің басшылығы бұл желінің егесі жоқ екенін айтқан. Бүгін бұл жүйеге жауаптылар да табыла кетті. 

Тұрғындар Әл-Фараби ауданы әкімдігіне шығын көлемін есептеп, хат жазып жатыр
Тұрғындар Әл-Фараби ауданы әкімдігіне шығын көлемін есептеп, хат жазып жатыр

Бақытжан Рысбаев, қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары:»Түркістан шағынауданындағы 3 көше бойынша айтатын болсақ, кезінде біз бұл жаңағы жекенің меншігінде емес, иесіз болғандықтан желілерін сот арқылы өзімізге алғанбыз. Ары қарай «Оңтүстік жарыққа»сеніп басқаруға құжаттарды дайындағанмен, прокуратура жағынан кемшіліктер болғандықтан, келісімді бұздық».

Тұрғындар жауаптылардан мүлкін өндіріп алмақ
Тұрғындар жауаптылардан мүлкін өндіріп алмақ

Естеріңізде болса, «Түркістан» шағынауданының жұртшылығы бірнеше күн бұрын электр қуатының күрт көбейіп кетуінен үйдегі барлық тұрмыстық техникасынан айрылып қалған еді. Осылайша 4 бірдей көше тұрғындары үйдегі электр жабдықтарын көшеге лақтырып тасауға мәжбүр болған. Енді осы шығынды өндіріп алу үшін жауапты мекемені сотқа беруге құқылы.

[youtube]http://youtu.be/te-wQjSunJo[/youtube]