Түсік жасатпағанда 20 миллионға жетер едік

Өт­кен жылы аборт жасатуға аңсары ауған қазақстандық 170 әйел Қытайдан әкелінген күмәнді дәрілердің кесірінен аурухана төсегіне таңылған.

Егер соңғы 20 жылдың ішінде 3 млн бала жасанды түсіктің құрбаны болмағанда, қазақ 20 миллионға жетеді екен. Бұл – 100 % туу көр­сет­­кі­шінің 80%-ын құрайды, дейді сарапшылар. Өткен жылы Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Статистика комитеті өзбек халқының саны шамамен 30 миллион адамды құрағанын ресми түрде хабарлады. Салыстыра қарасақ, 1991 жылы өзбектердің саны 20 млн 708 мыңды құрап, 2013 жылы 30 миллионға жеткен.

18-49 жас аралығында әйел өмірге бала әкелуге қабілетті саналады.
18-49 жас аралығында әйел өмірге бала әкелуге қабілетті саналады.

Бала бойға біткен сәттен бастап ол – тірі жан иесі. Құрсақта жыбырлап, қозғала бас­тайды. Мамандардың айтуынша, жатырға біткен шарана ота жасау кезінде жанталасып пышақтан қашады екен. Операция құралдарынан жиіркеніп, тітіркеніп, тар жатырдың ішінде жан ұшыра қашқанын көруге болады. Осыған қарамастан жасанды түсікке батылы жететін әйелдер азаймай отыр. Оның үстіне елімізде әйелдің өз еркімен түсік жа­са­туына еш кедергі жоқ. Ана құрсағын­дағы сә­биінен құтылғысы келсе, еш кедергісіз құ­тыла алады. Осылайша түсік жасатқан әйелдер өздеріне өмір бойы айықпас дерт жа­май­ды. Ананың бо­йында бай­қал­маған түрлі асқынулар, түрлі дерттер жасанды тү­сіктен соң өрши түседі. Ең өкі­ніш­тісі, түсік жасатқан әйел екінші рет бала сүю бақытынан айы­рылатын жағдай жиі кездеседі. Жасанды түсіктің осылайша ұлт саулығы мен демографиялық ахуалға кері әсер етуі халық қалаулыларын да бей-жай қалдырып отырған жоқ. Мәжіліс депутаттары жеке меншік клиникаларда түсік жасауға тыйым салу керек деп есептейді. Олар жақында денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныспен шықты. Түсік жасатуды ұлтымыздың тамырына балта шабумен пара-пар көретін халық қалаулылары еліміздегі барлық жеке клиникаларды тексеру керек деп отыр. Және жас қыз-келіншектерге дәрігерлер аурудың салдарын түсіндірсе дейді. Бастысы түсік жасаумен айналысатын медициналық мекемелерге заң жүзінде тыйым болуы қажет. Заңға бағынбаған клиникаларды, тіпті қыз-келіншектерді қылмыстық жауапқа тарту керек, дейді депутаттар.

Жыл сайын елімізде орта есеппен 125-127 мың түсік жасалынады екен.

Ғаламтор мəлімет-теріне сенсек, дүниежүзінде жылына орта есеппен 80 миллион əйел жоспарланбаған жүктілікке душар болады екен. Оның 20 миллионы жасанды түсік жасату арқылы шаранасынан құтылса, 68000 əйел сәтсіз жасалған түсіктің құрбаны болатын көрінеді. Жан түршігерлік бұл сандарға қазақстандық арулар да өзінше үлес қосуда. Дәрігерлер жыл сайын елімізде орта есеппен 125-127 мың түсік жасалынатынын алға тартады.

Жатырға біткен шарана операция кезінде жанталасып пышақтан қашады екен.

Бұл тек мемлекеттік денсаулық нысандарында ғана жасалып жатқан жасанды түсіктер саны. Ал ешкімге есеп бермейтін жеке клиникаларда жасалып жатқан жасанды түсіктердің санын ешкім дөп басып айта алмасы анық. Жасанды түсікті барлық жағдайы жасалған медициналық мекемеде тәжірибелі дәрігер жасаған болса да, түсіктен кейін әйел бойында ешқандай ауытқулар болмайды дегенге кепілдік жоқ. Жасанды түсік сапалы жасалынғанымен, түсіктен кейін әртүрлі асқынулар болатыны — табиғи заңдылық. Себебі, жүктілікке әйел ағзасы түгелдей дайындалады. Жұмыртқа клеткалары жетіліп, омырау безі бала емізуге икемделеді. «Сен жүктісің» деген сигнал миға да беріледі. Жаңа құбылысқа әйелдің бар мүшесі осылай әзірленіп жатқан тұста жүктілік жасанды түсік жасату арқылы тоқтатылады. Күтпеген жағдай ең алдымен жүйкеге қатты әсер етеді. Әйел ағзасында гормоналдық бұзылыстар болады. Мәселен, жатырдың қабынуымен қатар, жатыр түтікшесінің өткізу қабілеті тоқтап қалуы да мүмкін. Мұндай асқынулар, әсіресе, бірінші жүктіліктен кейін көп байқалады. Ал, алғашқы жүктілігін жасанды жолмен тоқтатқан әйел бала сүю бақытытан айырылуы да ғажап емес.Мамандар түсік жасатқан қыздар екінші рет жүкті болу мүмкіншілігінен 20%-ға айырылатынын айтады. Тіпті, көтергеннің өзінде кемтар сәбиді өмірге әкелетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Кейбір түсіктен кейін қан кету оқиғаларында дәрігерлер әйел жатырын алып тастауға мәжбүр болады. Жатырда қалдықтар қалып кеткен жағдайда әйел жедел ісіп қызару процесіне тап болады.

Өт­кен жылы аборт жасатуға аңсары ауған қазақстандық  170 әйел Қытайдан әкелінген күмәнді дәрілердің кесірінен аурухана төсегіне таңылған.
Өт­кен жылы аборт жасатуға аңсары ауған қазақстандық 170 әйел Қытайдан әкелінген күмәнді дәрілердің кесірінен аурухана төсегіне таңылған.

Жасанды түсік деген ұғымның мағынасы – ұрықты жатыр қабырғасынан қырып алып тастау. Әйел жатырының ұрыққа жақын ішкі шырышты қабатында қырып алынған орын жараға ұласып, ауру мүшеге айналады. Түсіктен кейінгі жүктіліктерде бала жолдасының дұрыс орналаспауы жатырдың жасанды түсік кезінде зақымданғанынан болып жатады. Себебі, ұрық жатырдан өзіне ыңғайлы орын таба алмай, орналасуы жайсыз болады. Түсік тастаудың ең қауіптісі — мерзімінен асып кеткен жағдайда жасалатын түсік. Негізінен, мерзімінен өтіп кеткен жағдайда жасанды түсік іштегі сәби аяғы ауыр әйелдің денсаулығына қауіп тудыратындай болса ғана жасалады. Аборт жасатқан әйел кейіннен қайта жүкті болу бақытына ие болғанымен, аборттың кесірі өзіне және жатырда жатқан балаға зиянын тигізуі де мүмкін. Тіпті ондай жағдайлардың соңы босану уақытына жетпей жатып босану, түсік тас-таумен аяқталатыны да бар. Егер түсікті жасөспірім қыз жасатып жатса, мұның жас ағзаға тигізер зардабы туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Оның ақыры түрлі гинекологиялық және қатерлі ісік ауруларына, сондай-ақ бедеулікке алып келеді. Жалпы әлемде жыл сайын 1 миллион жасөспірім қыз жүкті болып, көбі жасанды түсік жасату мен босану үстінде қайтыс болады екен. Себебі, мамандардың айтуынша, әлі толық жетілмеген жас ағза төтеннен киліккен салмақты көтере алмай қалады. Өкінішке орай, елімізде жыл сайын шамамен он мыңдаған қыз оң жақта отырып, жүкті болады.

«А» деп аталатын қытайлық дәрі іштегі шарананы түсірмек түгілі,  әйел жатырын қоса шірітіп жібе­ре­ді екен.

Бейресми статистикаға жүгінсек, өт­кен жылы аборт жасатуға аңсары ауған 170 қазақстандық әйел Қытайдан әкелінген күмәнді дәрілердің кесірінен аурухана төсегіне таңылған. Әсіресе «А» деп аталатын дәрісі іштегі шарананы түсірмек былай тұрсын, жатырды қоса шірітіп жібе­ре­ді дейді мамандар. Азаптанып ауырған әйелдер ау­ру­ханаға түскен соң, дәрігерлер ананың өзін аман алып қалу үшін, амал жоқ, жа­тырын алып тастауға мәжбүр болады. Құр­са­ғынан қоса айырылған ананың, ұлттың өсіп-өр­кен­деуіне үлес қоса ал­май­тындығы айдан анық.

Мақпал РЫСБАЕВА

Назира НӨСЕРОВА
Назира НӨСЕРОВА

Назира НӨСЕРОВА, №2 Шымкент қалалық емханасының гинеколог-дәрігері:

– Жыл басынан бері біздің емханада 49 жасанды түсік жасатылды. Негізінен, денсаулық көрсеткіштеріне қарай жасанды түсік жасатуға ұйғарылған әйел алдымен барлық медициналық сараптамадан өтеді. Жалпы, жасанды түсікке 22 аптаға дейін ғана рұқсат етіледі. Одан кейінгі түсіктер өте қауіпті саналады. Түсіктің зардабынан кез-келген сау әйелдің ағзасы түрлі асқынуларға ұшырауы мүмкін. Әйел ағзасында түрлі гинекологиялық аурулар бас көтеріп, гормоналдық өзгерістер орын алады. Түсік жасату кезінде түскен түрлі инфекциялар кейінгі жүктіліктерде балаға да кері әсер етуі мүмкін. Тіпті, сол инфекцияның салдарынан түсіктен кейін пайда болған бала түсіп қалуы да ғажап емес. Жасанды түсік жасатып жатқан көптеген бойжеткендер оның осындай зардаптарын ескере бермейді. Бар діттегені – бойға біткен баладан құтылу болып келетін қыздар түсік жасатып болған соң, «бар пәледен құтылдым-ау» дегендей қуанып кетеді. «Өз денсаулығыма нұқсан келтірдім», болмаса, «ертең балалы бола алмай қаламын-ау» деп абыржитындары аз. Шаранасынан құтылған соң жүздері бал-бұл жайнап шыға келеді. Қазіргі жастардың мұнысына таң қалмасқа лажың жоқ. Жасыратыны жоқ, мұндай келеңсіз жағдайлар, әсіресе, мектеп оқушылары арасында белең алып отыр. Сондықтан, біздің мамандар мектеп оқушыларымен жиі кездесіп, алдын-алу шараларын ұйымдастырып отырады. Қазір біздің жүкті әйелдердің есебіне бүгінде 1996 жылы, 1998 жылы туған екі жас қыз алынған. Негізінен, жеткіншектің ағзасы жүктілікке дайын болмайды. Әйелдердің репродуктивті жасы – 18-49 жас. Осы жас аралығында әйел өмірге бала әкелуге қабілетті саналады. Біздің қыз-келіншектер осыны ескерсе екен.