Тұрғындар қонақ үй қожайынына қапалы

587
Тұрғындар көрші қонақ үйінің қожайынына наразы
Тұрғындар көрші  қонақ үйінің  қожайынына  наразы
Тұрғындар көрші қонақ үйінің қожайынына наразы

Т. Рысқұлов пен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары қасындағы коммерциялық нысандардың басшыларына өкпелі. Айтуларынша, тым төмен орналасқан көрші қонақүйдің қазандығынан шыққан түтін денсаулыққа кері әсер тигізіп отырған көрінеді.

Осындағы мейрамхана мен кәуәп дайындайтын орындардың да талапқа сай жұмыс жасап жатқанын тиісті құзырлы мекемелер тексерсе деген базынасы бар. «Алтын қазына»  қонақүйі іске қосылғаннан бері «Наурыз» шағынауданындағы 1 «б» үйдің тұрғындарынан маза кетіпті. «Жылыту маусымында жеке кәсіпкердің ортақ шарбақтың арғы жағындағы қазандығы түтіндетіп елді әбігерге саладый,- дейді олар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zplnVwHZ-WE[/youtube]

Нұржан Жұмашев, тұрғын: » Мейрамхана жұмыс істегеннен улы газ бізге қарай келеді. Енді жылу беру маусымы басталғаннан  тыныс алуымыз нашарлай бастады».

Аға буын өкілдерінің кәсіпкерге қойған талаптары да бар. Олар орындалса еш дау дамайсыз мәселенің шешілетініне сенімді.

Қуатбек Полатов, үй комитеті төрағасы : «Мұржаны үйіміздің төбесінен  екі метр жоғары орнатсын. Кәуәп пісіретін жерде де  мұржаны  биігірек орнату керек».

Кәуап дайындайтын орыннан шыққан түтін тұрғындардың тынысын тарылтты
Кәуап дайындайтын орыннан шыққан түтін тұрғындардың тынысын тарылтыпты

Ал, қонақүйдің қызметкерлері  қазандықтың жұмысына қатысты құзырлы мекемелер тиісті қортындыларын берген-деп ақталуда.

«ЖК Тұрлыбеков» мекемесінің есепшісі: «Рұқсат қағаздары болмаса, жұмысты бастай алмаймыз ғой. Міне қазандықтағы мұржа құбырына өрт сөндірушілер тексеріп, анықтама берген».

Тұрғындардың тағы бір талабы — кәсіпкер көрші көпқабатты үйге қарай су жіберуін тоқтатсын. Өйткені ылғал көпқабатты үйдің жертөлесіне жиналып қалып жатыр екен. Одан бөлек, тұрғындар өз қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өйткені, қоршаудың сыртындағы көзден таса жерде кісі тонау көбейген. Осыған дейін кәсіпкермен келісімге келе алмай жүрген жұрт аудан әкіміне үміт артып отыр.