Туылмаған перзентіне мемлекеттен жәрдемақы алып келген

316
Алаяқтар жалған туу туралы куәлікті 30 мың теңгеге сатып алыпты

Мақтарал ауданында туылмаған перзентіне мемлекеттен жәрдемақы алып келгендер анықталды. Алаяқтар дүниеге келмеген балаға көршілес Өзбекстанда жалған туу туралы куәлікті 30 мың теңгеге жасатып алыпты.Осыдан кейін әлгі ерлі-зайыптылар Жетісай қалалық зейнетақы беру орталығына жөргекпұл және ай сайынғы әлеуметтік төлем алу үшін арызданған. Осылайша алаяқтар жылдан астам уақыт аралығында мемлекеттен бас-аяғы 250 мың теңгеден астам қаржыны заңсыз алып келгені анықталды. Бірақ, қазынаға ірі мөлшерде залал келтіргендер бостандықта қалған.

[youtube]http://youtu.be/gENbLnaSFsM[/youtube]

Батыр Ергешов, ОҚО прокуратура басқармасының прокуроры: «Осы тексеру нәтижесінде, облыстық прокуратурамен кінәлі тұлғалардың үстінен ҚР-ның қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-бөлігінің яғни, алаяқтық іс-әрекеттері үшін қылмыстық іс қозғалып, ол іс сота қаралды. Қарау барысында кінәлі тұлғалар тарапынан мемлекетке келген залал толғымыен өндірілгендіктен, қысқартылды».