Заңсыз саудамен күрес жалғасуда

296
сатушыларға ескерту берілді

Шаһардың шырайын кетіріп, көркін қашыратын жабайы сауда нүктелерімен күрес жалғасуда. Бұл жолы Еңбекші аудандық әкімдігінің қызметкерлері қалалық сәулет бөлімі, сондай-ақ ішкі істер бөлімінің мамандарымен бірлесіп, арнайы рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

 

белгіленбеген жерде сауда жасау заңға қайшы
белгіленбеген жерде сауда жасау заңға қайшы

Бір әттеген-айы, бақылаудың босаң екенін саудагерлер де ұғынып алған. Тексеру тобының көзінше, жол жиегіне шығарып қойған орындарын ішке таси жөнелді. Заңсыз екенін білеміз, бірақ халық осыған үйреніп қалған деп ақталғандары да болды. Еңбекші ауданына қарасты 11-шағынауданында орналасқан «Исатай» сауда орталығының алдын көлегейлеп, жаяу жүргіншілердің жолын жауып тұрған бұл сатушыларға бұған дейін бірнеше ескерту беріліп, айыппұл да салынған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9fdP7v3Yvf8[/youtube]

Өмірбек Қалыбаев, Еңбекші аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы: «Аудандағы заңсыз сауда орындарын жою мақсатында 65 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге 143 ескерту хаттамасы толтырылып, 204 тұлғаға айыппұл салынған».

 

сатушыларға ескерту берілді
сатушыларға ескерту берілді

Нәтижесіз болса да, рейд жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз саудамен күресті күшейтеміз деген әкімдік мамандары түбінде «жеңіске» жететіндіктеріне сенімді.