Жамбыл облыстық драма театры Шымкентте

502
"Антигона" трагедиялық қойылымы

Жамбыл облысының Оңтүстік Қазақстандағы мәдениет күндері жалғасып жатыр. Өңіріміздегі опера және балет театрының сахнасында тараздық өнерпаздар француз драматургы Жан Ануйдың «Антигона» трагедиясын қойды. Қоюшы режиссері Қуандық Қасымов.

Спектакль желісі Антигона арудың билік пен жан қалауы арасындағы арпалысқа толы өмірін баяндайды. Антигона ару ел әміршісі Фив Креонның тыйымына қарамай, туған ағасының мәйітін жер-Анаға тапсырғысы келеді. Осылайша ойын жүзеге асырады. Билеушіге қарсы шыққан кейіпкерді сахнада  Жамбыл облыстық орыс теарының әртісі Марина Просалович сомдап шықты. Айтпақшы, осы еңбектің премьералық қойылымы Тараз қаласында осы жылдың ақпан айында өтіпті. 

"Антигона" трагедиялық қойылымы
«Антигона» трагедиялық қойылымы

Виктория Дадева, Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры: «Біз Шымкентте гәстрөлдік сапармен алғаш рет келіп тұрған жоқпыз, сондықтан көптің талғамын білеміз. Әсерлі қойылымдардың бірі деп «Антигонаны» әкелдік бұл жолы. Ал біздің Оңтүстік театрларынан үйренеріміз көп, мәселен сахнада рөлді еркін сомдап, көптің көңілін 100 пайызға аудару деген сияқты. Осы мәдениет күндері арқылы тәжірибе алмасып жатырмыз».

Ал шытырман қойылымнан көз алмай тамашалап отырған жерлестеріміз театр өнерпаздарының шынайылығы мен шеберліктеріне тәнті болып отырғанын жасырған жоқ. Тіпті еңбекке еніп, оқиға орнында жүргендей әсерде отырмыз дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=v4u3iwCNIzE[/youtube]

 

Алтынай Бекмұсаева, көрермен: «Мойындаймын, бүгінге дейін мен үшін Шымкенттегі өнер ошақтарынан асып түсетін театрлар жоқ деп  келгенмін. Бірақ Жамбыл облыстық театрының өнеріне риза болып отырмын. Керемет! Тапжылмай отытырп көрдім. Тиянақты, тіпті сол өткен ғасырға да шолу жасап, сол елде, сол сәтте мен де жүргендей болдым. Оқиғаға араласып, әділдік орнауы үшін күрескім келді ғой! Өнер ұжымына айтар алғысым шексіз!»

Бақыт Сейітбекұлы, көрермен: «Мен негізі осы облыстың қойылымдарын алғаш рет тамашалап отырмын. Рас алғашында түсінбей отыр едім, бел ортасында кірісіп кеттім. Жан Ануйдың ойын дөп жеткізе білген. Ең бастысы автордың ойын көпке анық жеткізу ғой».  

Айта кетейік, 46 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық драма театры осы аптаның соңына дейін тарихи туындыларды Оңтүстіктің өнерсүйерқауымына ұсынатын болады.