Жарғыштардың соты кейінге қалдырылды

210

Шымкенттегі мамандандырылған қылмыстық сотта ел арасында Чапаевка аталып кеткен ауданда жарылыс ұйымдастырды деп айыпталғандарға қатысты сот ісі жалғасты.

 Бір апта бұрын басталған сот барысында айыпталушы үш жігіт соққыға жығылғанын айтып арызданған еді. Қазір бұл факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Сондықтан судья сот отырысын кейінге шегере тұру туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, соңғы жылдары Чапаевка елдімекенінде бірнеше жарылыс орын алып, салдарынан 4 адам зардап шеккен болатын. Бүгінгі сотқа олар да келді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HIQE4Rv4tI4[/youtube]