Ойын қатысушылары ұраны мен топ таңбасымен таныстырды

Облыстық жасөспірімдер үйінде ризашылық мерекесі тойланды. Мейірімділік пен ізгілікке шақыратын шарада жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері патриоттық тақырыпта әндер айтты.

Кеш жүргізушілері мейірімділік туралы өлең-жырлар оқыды
Кеш жүргізушілері мейірімділік туралы өлең-жырлар оқыды

 

Ұстаздарына деген сый-құрметін өлең-жыр арқылы білдіруге тырысты. Бұған қоса өзара 2 топқа бөлініп, спорттық сайыстар ұйымдастырды. 

Мереке қазақтың ұлттық биінен бастау алды
Мереке қазақтың ұлттық биінен бастау алды

Шыңғыс Молдабек, облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі: «Мен қазір «Барыс» тобында ойнап жатырмын. Өте қуаныштымын, себебі жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатырмын. Қазір біздің топ жеңіске жетеді деп ойлаймын. Себебі бәріміз белсенді әрі жылдамдықты сақтап жатырмыз. Бұл мерекеге 2 ай бойы дайындалдық. Киімдеріміз бар, топтың жеке таңбасы бар. Бұлардың бәріне тиянақты дайындалуға тура келді».

Ойын қатысушылары ұраны мен топ таңбасымен таныстырды
Ойын қатысушылары ұраны және топ таңбасымен таныстырды

Арнайы шарада «Кім жылдам?», «Қаппен секіру», «Би өнері» сынды  додалар болды. Қатысушылар ә дегеннен-ақ белсенділік танытып, үздік болуға тырысты. Бұл — жастардың мерекеге деген үлкен құрметін білдірсе керек.

Қазылар алқасы қатысушылардың ойынын бағалады
Қазылар алқасы қатысушылардың ойынын бағалады

Ал осы жасөспірімдер үйі басшылығының айтуынша, алғаш рет 2009 жылы Сара Алпысқызының бастамасымен қолға алынған мейірімділік мейрамы жастардың тәрбиесіне үлкен үлесін қосып келеді.

"Сұңқар" тобымен "Бапрыс" тобы сайысқа түсті
«Сұңқар» тобымен «Барыс» тобы сайысқа түсті

Сарбиназ Сүлейменова, облыстық жасөспірімдер үйінің директоры:»Біздің балалар бір-біріне бөлек шықса да көмектеседі. Мәселен 2007 жылы 14 үй берілді балаларға. Кейбіреулері өздері еңбектеніп алды. Сол кездерден-ақ бір-біріне көмекке барып жүр. Асарлатып тұрып, үй салады. Бұл деген — үлкен сыйластық пен мейірбандық деп ойлаймын. Сондықтан ризашылық күнінің бізге пайдасы көп».  

"Би өнері" кезеңінде ойыншылар "Қамажайды" биледі
«Би өнері» кезеңінде ойыншылар «Қамажайды» биледі

Қазылар алқасы ойынның нәтижесінде 2 топты бөліп-жармай, «Жеңіске Достық жетті» ұранымен тәмамдады. Бұл шешім — айтулы мерекенің мерейін асырды. Ал қатысушылар естен кетпес қызық әрі денсаулыққа пайдалы ойын болғанын жасырған жоқ.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттады
Қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттады

Қазылар алқасының шешіміне толықтай келіскен жастар естелік суретке түсіп, мәре-сәре болып жүр.  Тіпті ойын кезіндегі қызықты оқиғаларды еске алып, ризашалық күні айрықша атап өтілумен мақтанады.

Ойын қатысушылары естелік суретке түсті
Ойын қатысушылары естелік суретке түсті

Айта кетейік, бүгінде облыстық осы жасөспірімдер үйінде 16-23-жас аралығындағы 124 жеткіншек тәрбиеленеді. Баршасы осы ризашылық мерекесін асыға күткенін айтып, арқа-жарқа тойлап жүр.

[youtube]http://youtu.be/PGXLQ70gGJM[/youtube]