Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері кісі өлтіру әрекетін ашты. Ақжар ауылында тұратын 50 жастағы азамат кісі қолынан қаза тапқан. Бұл қанды оқиға жайлы суыт хабар кезекшілерге түнгі сағат 1-лер шамасында түскен. Оқиға орнына шұғыл аттанған тәртіп сақшылары ВАз көлігінің жанында жатқан мәйітті тапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gx6ARCyrjjc[/youtube]

Көп ұзамай тергеушілер осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап, ізіне түсті. Ол – 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Қолға түскен соң сезікті өзінің әрекетін теріске шығарған жоқ. Айтуынша, сол күні түн қараңғысында досымен бірге туған күн кешінен қайтып келе жатқан екен. Жолдан өтіп бара жатқан ВАЗ көлігінің жүргізушісі көлігімен аяғынан соғып кетіпті. Соған ызаланған ол әкесіндей жүргізушіні көлігінен сыртқа шығарып алып, өлімші етіп сабаған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Pjwm4VXy81g[/youtube]

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Оның үстінен соңы кісі өліміне әкеп соққан жарақат салу фактісіне қатысты қылмысты іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.