«Жасыл елдің» жасағы құлдырап барады

311
"Жасыл елде" еңбек еткендер марапатталды

Уақытысында  атағын асырып, жасағын құрған «Жасыл елге» жыл сайын екі мыңға жуық студент тартылатын. Бүгінгі таңда олардың қатары екі есе азайған.

Десе де, «Жасыл елдің» жалауын көтергендер марапаттан құр қалмады. Биылғы «Жасыл елдің» жасағында еңбек еткен белсенділер марапатталды. 2 ай бойы аудан-қалалардағы саябақтар мен көпшілік орындарда тер төккен жастар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

"Жасыл елде" еңбек еткендер марапатталды
«Жасыл елде» еңбек еткендер марапатталды

Айтолқын Сарыпбекова, студент: «Мен жаз бойы Арыс қаласындағы саябақтарда жұмыс жасадым. 90 түп шырша отырғыздым. Шынымды айтсам, мен елімнің болашағына, табиғатының көркеюіне үлес қосқаным үшін мақтанамын. Ал «Жасыл елден» алған жалақыма дәптер-қаламымды, керек заттарымды салып алдым. Бұл маған ғана емес, ата-анама да үлкен көмек болды деп ойлаймын. Ал қазіргі сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Өте қуаныштымын. Біздің еңбегімізді бағалаған басқармаға алғысымды айтамын».

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының айтуынша, биыл облыс көлемінде тек Түркістан, Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс, Мақтарал аудандарында ғана көгалдандыру жұмыстары атқарылған.

Биыл "Жасыл елде" 694 жас еңбек еткен
Биыл «Жасыл елде» 694 жас еңбек еткен

Сұлтан Сенбеков, облыстық «Жасыл ел» жасағының төрағасы: «Бірақ биыл «Жасыл елге» жылдағыдай студенттеріміз белсенді атсалыса алмады. Өйткені біз «Жасыл елге» бөлінген қаражатты тамыз айының соңында алдық. Содан кейін, яғни студенттер сабаққа шығып қойғаннан кейін оларды жұмысқа тарта алмады. Осы себепті де биылғы жылы тек қана облысымыздың аудандарында ғана жұмыс істедік».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7hVPQU1d3no[/youtube]

Айта кетейік, биыл облысымызда 6 бірдей «Жасыл елдің» жасағы, яғни 694 жас аудандарда ғана еңбек еткен. Бұған қоса, 8 жылдан бері қолға алынған бағдарлама бойынша әрбір еңбеккер студентке республикалық және жергілікті бюджеттен 32 мың 500 теңге айлық жалақы төленіпті. Бұл үшін республикалық қазынадан 280 миллион теңге қаржы қаралған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысына 15 миллион 800 мың теңге бөлген.