Таяуда Шымкентте қайғылы жол апаты орын алды. Соңы кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы Тұрар Рысқұлов және Қарауылбек Қазиев көшелерінің қиылысында орын алды. Оқиға таңғы сағат 5-тен асқанда болған. Мұнда Лэнд-Круйзер және Опель Вектра көліктері соғысып қалды.
Бұл жайында суыт хабар кезекшілерге түскен соң оқиға орнына құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері, өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Қатты соққының салдарынан екі көлік те оңбай бүлінген. Әсіресе, Опель Вектра қатты мыжылып, үйінді темірге айналған. Жеңіл көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, оны дәрігерлер ауруханаға алып кетті. Ал Опельдің ішінде отырған жолаушы қыз, өкінішке орай, оқиға орнында тіл тартпай кетті. Шамамен 20-25 жастағы қыздың денесін құтқарушылар көліктің ішінен арнайы құралдың көмегімен алып шықты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YEd7TQD6CBI[/youtube]
Қазір қайғылы жол апатының себеп-салдарын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Айта кету керек, бұл көшелердің қиылысында бағдаршам орнатылған.